Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен



Pdf көрінісі
бет281/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен
 
               міндеттері
 
      1. Инвестициялық омбудсменнің:
 
      1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан 
және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты 
сұратуға және алуға;
 
      2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды 
адамдарының кідіріссіз қабылдауына;
 
      3) инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және 
ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;
 
      4) инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де 
құқықтары бар.
 
      2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
 
      1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз 
ету жөніндегі шараларды қолдануға;
 
       2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде 
лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де 
ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың 
өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға; 
 
      3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;
 
      4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі 
келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет