Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет31/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
191-бап.
Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi 


1. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың 
бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын 
жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi. 
192-бап.
Мемлекеттік меншiк құқығы 
1. Мемлекеттік меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.
2. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес 
мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлген мүлiктен тұрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты, мемлекеттік меншiктiң осы Кодекстiң 193-
бабында аталған объектiлерi және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген өзге 
де мемлекеттік мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес 
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген 
өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
3-1. Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша 
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық 
маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік меншiктегi мүлiк мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу 
немесе оралымды басқару құқығымен бекітілiп берiлуi мүмкiн.
5. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық 
режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
6. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге 
асырылады. 
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын 
тәртіппен жүзеге асырылады.
Коммуналдық меншіктегі мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен 
екінші деңгейіне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық 
актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Осы баптың ережелері, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 
заңнамалық актісінде өзгеше көзделмесе немесе азаматтық құқықтардың мәніне қайшы 
келмесе, меншік құқығынан басқа, тиісінше мемлекеттік мүлікке өзге де азаматтық 
құқықтарға қолданылады. 
 
193-бап.
Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк 
Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар 
мемлекеттік меншiкте болады. Жер заң актілерінде белгiленген негiздерде, шарттар мен 
шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн. 
193-1-бап
. Стратегиялық объектілер 
1. Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, 
оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан 
Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық 
объект болып табылады.
2. Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық 
құбырлар; ұлттық электр тораптары; магистральдық байланыс желілері; телерадио 
хабарларын тарату объектiлерi (телевизия және радио хабарларын таратудың жерүстi 
және жерсерiктiк жүйелерінің өндiрiстiк-технологиялық кешенi); мұнайды қайта өңдеу 


өндiрiстерi; қуаты кемiнде 50 мегаватт энергия өндiрушi объектiлер; ұлттық почта 
тораптары; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; 
әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз 
жүзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом 
энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы 
құрылыстары; ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде 
стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, 
пайлары), меншігінде стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың 
шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал 
етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) 
жатқызылуы мүмкін.
Стратегиялық объектілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес 
мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не 
оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімі 
негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық 
актісінде айқындалатын тәртіппен мүмкін болады.
4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен 
шығаруға ниет білдірген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу 
қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтушы не конкурстық басқарушы иеліктен 
шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс 
тәртіппен өткізген, не стратегиялық объект сот актісінің негізінде өндіріп алынған 
жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде 
айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып 
алудың басым құқығына ие болады. 
Стратегиялық объектінінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау 
қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 
заңнамалық актісіне сәйкес айқындалады. 
Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібі Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады. 
5. Егер стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу 
не оны иеліктен шығару кезінде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, 
мұндай мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. 
194-бап.
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар 
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру 
ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi. 
195-бап.
Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары 
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
3-1) бөтеннiң жылжымайтын мүлкiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы 
(сервитут); 
4) осы Кодексте немесе өзге заң актілерінде көзделген басқа да заттық құқықтар.
2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың 
табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе
мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлікке басқа да заттық құқықты 
тоқтату үшін негіз болып табылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет