Қазақстан республикасының мектепке дейінгі


Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі



бет9/21
Дата08.02.2022
өлшемі357,77 Kb.
#122547
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
ЖАҢА-ӘДІСТЕМЕЛІК-НҰСҚАУ-БАЛАБАҚШАҒА
этнология, 6-synyp-matematika-i-nuska-54145c304c85b, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан
Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы тәрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кезекші топтардағы ұйымдастырылған оқу қызметі кесте бойынша перспективалық жоспар мен циклограммаға сәйкес жүргізіледі.
Балабақшада күн сайын медицина қызметкері кезекші топтардың балалары мен балабақшаның барлық қызметкерлерін таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Ауру белгілері анықталған жағдайда балалар ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберіледі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйымның сыртқы есіктеріне дейін балаларды ертіп келеді. Тәрбиеші балаларды кіреберісте қарсы алып, топқа апарады.
Мектепке дейінгі ұйым дезинфекциялау құралдарының қорымен (кіреберістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық тазалауды қамтамасыз етуге арналған құралдар) қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі ұйымда:
- тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің қарым-қатынас жасауын қысқарту;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын барынша пайдалану;
- тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің дене қызуын күнделікті өлшеу;
- әр сабақтан кейін топтарда, дәліздерде, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды тазалау, қосқыштарды, есік тұтқаларын, таяныштарды, баспалдақ марштарын, терезе алдын дезинфекциялау;
- медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау үшін барлық топты қашықтан оқытуға көшіруді, топ балаларының жай-күйін бақылауды, топты штаттық режимге қайтаруды қамтамасыз ету);
- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобындағы жеке кіру және шығу жолдары қамтамасыз етіледі.
Тамақтану режимі, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалу сақталады.
Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы сыртқы есікке дейін ертіп барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет