Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялануы



бет21/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялануы. 1917 жылы 22 карашада Ташкент қаласында өз жұмысын аяқтаған Түркістан өлкелік Кеңестер съезі Түркістанда Кеңестік биліктің орнағанын ресми түрде жария ете отырып, бірақ жаңадан құрылған үкіметтің құрамына жергілікті ұлттардың бірде-бір өкілін енгізбеді. Бұл іс жүзінде Кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі билеу құқын мойындамайтындығының айғағы еді. Саяси жағдайдың мұндай бағыт алуы М. Шоқай төрағалық еткен Түркістан өлкелік мұсылмандар Кеңесін нақты жауап әрекетке көшуге итермеледі.
IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі 26 карашада Қоқан қаласында өз жұмысын бастады. Тау-кен жұмысшылары, мұсылман солдаттар, мұсылман кәсіподақ мүшелерінен, барлығы 200-ден астам өкіл қатысқан бұл съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Туркистан мухтариат) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады.

Түркістан Уақытша кеңесі құрамына барлығы — 54 адам енді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтар Сырдария және Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ Мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, қаланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 18 өкілі бар болатын. Басқаша айтқанда, Кеңестегі барлық орынның үштен бірі сол тұстағы Түркістан халқының 7%-ын құрған жергілікті емес, еуропалық тұрғындардың үлесіне тиген.

Түркістан Уақытша кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітті. Үкіметтің негізгі міндеті, оның төрағасы болған    атап көрсеткендей «байыпты да парасатты саясат жүргізе отырып, бүкіл түркі атаулыны бір қазанда кайнатып, ақырында, бір ұлттық мемлекет түзу» еді.

Съезд Түркістандағы барлық халықтардың құқын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, еврей, жұмысшы, солдат және шаруаларын, барлық тұрғындарын Түркістан билігі төңірегіне топтасуға шақырды.

1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді. Қаланың өзі талан-таражға түсті.

Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе — жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрінді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет