Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі



бет67/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137
2. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категоясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай 3-ке бөлінеді.
Өткен шақ- қимылдың, іс әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (Абай). Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған(А.Т.). Б.ө.ш. көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Баяғыда Мысыр елінің әрі ақылды, әрі әділ кедей кепшікке қамқоршы бір сұлтанды дәурен кешіпті. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде ө.ш., бірде к.ш. мағынада қолданылады.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: а) сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Б) Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс әрекетті көрсетеді. Қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Аош -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Олар мағыналық ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді: болжалды келер шақ (-ар, -ер, -р, -с), мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек), ауыспалы келер шақ (-а, -е, -й).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет