Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Шылаудың түрлері және емлесі



бет70/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137
2. Шылаудың түрлері және емлесі.
Шылау сөздер білдіретін әр түрлі грамматикалық мағыналары мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді . Олар : жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Казіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жоқ , сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі ыңғайда (мағыналық қатынаста) салаластыра байланыстыратын сөздер. Мысалы: Наданның түсінгені көп пен дүрмек (Абай). Қадірдің киімі жұқа, әр денсаулығы да мықты емес (Мұқанов). Әй , ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой (Сонда). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары сөз бен сөзді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр, әрі , себебі жалғаулықтары сөйлем мен сөйлемді ыңғайластық және себеп – салдарлық мәнде салаластыра байланыстырып тұр. Жалғаулықтар сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің және салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларының әр түрлі мағыналық қатынасқа байланыстырады. Осындай мағыналық қатынастармен байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар : мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.

  2. Қарсылықты жалғаулықтар : бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сондада, әйткенмен.

  3. Талғаулықты жалғаулықтар : әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде.

  4. Себептік жалғаулықтар : себебі, өйткені, неге десең.

  5. Себеп-салдарлық жалғаулықтар : сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені.

6. Шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.
Жалғаулықтың бұл тобына мен(бен, пен), және, да, де, та, те, әрі шылаулары жатады. Ыңғайластық жалғаулықтар бірыңғай салаласа байланысатын сөйлем мен тең дәрежедегі сөздер, сөз тіркестері байланыстырып, ыңғайластық қатынасты білдіреді.
Қарсылық мәнді жалғаулықтарға бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, онда да, дегенмен шылаулары жатады.
Қарсылықты жалғаулықтар салаласа байланысатын сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді білдіру үшін қолданылады. Әрине, көп үй мәселесі оңай шешілген жоқ, бірақ оңай шешілмеуінің өзінде үлкен дұрыстық бар еді (Мұстафин) .Беті, түсі анық белгілі емес, бірақ бір үлкен мол батпан құйрық оралып келе жатқан сияқты (Әуезов) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет