«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
№10 Семинар 
Семинар тақырыбы
: Пысықтауыштың мағыналық түрлері мен жасалу 
жолдары, тұлғалық ерекшеліктері. 
Семинар мазмұны:
Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-
мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек 
үстел үстінде қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). 
Сөйлемнің ішіндегі анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт 
сөздерінің жұмсалуын жатқызар едік. 
Толықтауыштық қатынас – қимылдық немесе сапалық күйдің затқа тікелей 
немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік 
қатынастарды білдіреді. Мысалы: – Не əкелгенімді білемісің саған? 
Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов). Мұндағы не əкелгенімді, 
саған, машинаны сынды сөзтұлғалар толықтауыштық қатынастың көрінісі. 
Пысықтауыштық қатынас – мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, 
амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Əсіресе, Ұйғыр көшесі 
сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер 
тіпті көп болатын (Ə.Нұршайықов). Сөйлемдегі қос сөздер мен сырт 
аймақтарда сөзтұлғаларын осындай қатынасқа жинақтауға болады. 
 
ОСӨЖ:
Синтаксистік құрал 
Синтаксистік тұлға болып танылған бірліктер мағыналық жақындығы 
болғандықтан, бірімен-бірі байланысқа түседі де, сөйлем ішінде синтагма 
құрайды. Ал синтагмалық діңгек синтаксистік құралдың қызмет етуінен 
жасалады. Жалпы қазіргі тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде
синтаксистік құралдың синтетикалық, аналитикалық жəне аналитикалық-
синтетикалық (немесе керісінше) тəсіл арқылы көрінетіндігі айтылуда. Соңғы 
тəсіл Ə.Аблақов тұжырымдауынан байқалды
6
. Синтетикалық тəсіл – 
сөздердің бір-бірімен байланысуындағы жалғаулардың қызметіне сүйенсе, 
аналитикалық тəсіл – интонацияның, орын тəртібі мен шылаулардың 
қасиетінен шешіліп отырады. (Бұл тəсіл түрлері жеке тараушада жан-жақты 
баяндалады). Ал үшінші тəсіл көмекшілік қызметтегі сөздердің (есім, етістік, 
шылау, модаль сөздер) келуін қажет етіп, күрделі сөз тіркесінің құрамында 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет