«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
 
 
№ 13 Семинар 
Семинар тақырыбы
: Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің 
қызметі жағынан бөліну түрлері мен олардың құрылымдық-мағыналық 
ерекшелігі. 
Семинар мазмұны: 
Шылау амалы. Əдетте, шылаудың екі түрі жеке 
сөзтұлғаларды байланыстырады. Мұндайда, бір жағынан, тең дəрежедегі 
тілдік бірліктер, екінші жағынан, бір-біріне бағынышты тілдік бірліктер 
аралығындағы қызмет ескеріледі. Алғашқы жағдайда жалғаулық шылаулар 
байланыстырады: Отан соғысы үшінші жылға аяқ басып, Курск пен Орел 
майданында үлкен шайқастың жүріп жатқан кезі еді. Мұным анама ұнайтын, 
өйткені ол мені пысық болсын, тіршіліктің ыстық-суығына көнсін деп 
ойлайтын (Ш.Айтматов). Мысалда сөйлем ішіндегі сөздер (Курск, Орел) мен 
жеке сөйлемдерді байланыстыруға жалғаулық шылаулар қатысқан. 
Екінші жағдайда септеуліктердің қызметі алдыңғы орынға шығады. 
Біздіңше, септеуліктердің өзі екі түрлі қызметте жұмсалады. Бірінші қызмет 
– қосымшалық қызмет. Бұл қызметтегі шылаулар өзінің алдында тұрған 
сыңардың септік жалғауларының бірінде тұруын қалайды. Əсіресе, барыс, 
шығыс, көмектес септіктері осы қызметке бейім. Демек, түйдекті тіркес 
жасаудың амалы ретінде жұмсалады: Ол екеуі де ертеден қара кешке дейін 
колхоз жұмысында (Ш.Айтматов). 


 
Əдебиеттер:
1. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
11.М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А., 1991. 
12.Қ.М.Есенов. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар.Алматы,1985. 
13.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1998. 
14.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967. 
15.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 
ОСӨЖ:
Синтетикалық 
тəсіл 
сөздердің 
бір-бірімен 
қосымшалар 
арқылы 
байланысуына негізделеді. Синтаксистегі көрінісі жалғаулардың қызметімен 
шешіледі. Ал тілдегі төрт түрлі жалғау жеке сөздің тұлғаларды 
байланыстыруға өз мүмкіндігінше қатысады. Жалғаулы болып келген 
сөздердің сөйлем ішіндегі орын тəртібі біршама еркін, өйткені оларға 
қатысты сөздер сол жалғаудың қызметінен табылып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет