«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет68/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ
БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАЛАРЫ 
Қамзаева Күлшат Саликқызы
ф.ғ.к., доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
Қызылорда, Қазақстан 
Интербелсенді лекция барысында смарт мақсатымыз айқын болуы тиіс.
Білім беру технологиясы туралы зерттеулер мен анықтамаларды зерделеп, оның 
жіктелуін анықтау барысында лекция диалог түрінде ұйымдастырылды. Қарым-қатынас 
келесі форматтарда өрбіді: оқытушы – білім алушы /білім алушылар, білім алушы – білім 
алушы, білім алушы – тақырып, білім алушы – басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). 


128 
Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау 
және шешу тәсілдерін қолданған тиімді екенін аңғартты. Білім алушыларға ұсынылатын 
нұсқау: Кілт сөз. Интерпретация. Глоссарий.
Қытай даналығында: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде 
сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» деген қанатты сөз бар. Осы ретте дәріс 
барысында мәселе қоя білу көзделеді. Білім беру - оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз 
үдерісіндегі өзекті проблемалар білім алушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері 
жеткіліксіз. 
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға 
арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту 
үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық құралдары пайдаланып, оқушыға оң әсер ету 
әдістерін зерттейді. Демек,оқыту технологиясы-педагогикалық әрекеттерді ғылыми-
әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру. 
Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу 
ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап, саралап оқыту арқылы 
оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада 
адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету 
мәселелерін алға шығарып отыр.
Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін 
ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және 
бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттардың бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын 
білім алушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. 
Тапсырма:
 Бір үйдің төрт аты бар еді, еркек жаны екі әке, екі ұлы еді, еркектері кісі басы 
бір аттан мінгенде, бір ат артық болып шықты. Бұл қалай?(Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл 
тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.448-бет). 
Сондай-ақ: 
Хабарлы сөйлемнен сұраулы, 
лепті сөйлемдер жасауға бола ма? Болса, қалай? Бір хабарлы сөйлемнен бірнеше сұраулы 
сөйлем жасай аласыңдар ма? Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? – деген сөйлемнен 
тағы қандай сұраулы сөйлемдер жасауға болады? Бұлар қандай мағына білдіреді? Бұл 
сөйлемдердің соңында қандай белгі қойылады? Қандай сөйлемде арнайы интонация 
болмайды? Онда ол қалай айтылады?
Оқу мен зерттеу барысында білім алушылар белсенді әрекеттер атқарады: олардың 
қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды келтіру, берілген мәлімет бойынша өз 
түсінігі мен пікірін қалыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте 
толтыру, жоспар жасау, графикалық мәтіндер сызу, т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді 
әрекеттер жеке және бірлесе жұмыс жасау форматтарында өтеді.
Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Білім алушының қызығу 
жәрдемімен оқып - үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, 
мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. 
В.П. Беспальконың айтуынша, «әрбір іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. 
Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, 
технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. 
Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық 
іс-әрекетке көшу болып табылады. 
Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиялары М. Жұмабаев тұлға мәселесін 
қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі 
қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа-өзін, 
барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз». Бұл жөнінде ғалым 
И.С.Якиманская 
жеке тұлғаға бағдарланған
оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей 
тұжырымдайды. Мақсаттары – білім алушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін 
дамыту; білім беру жүйесі басынан-ақ білім алушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу
мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс. Білім алушы 


129 
дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына 
байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс. 
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау 
тәсілі барлық білім беру үдерісінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты - әрбір 
білім алушының мүмкіндіктерін танып, дамыту. «Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында 
балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің - яғни
қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты». 
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға 
және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап 
көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. 
Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен 
сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы
әрбір білім алушының жекелеген дамытуға 
жағдай жасауға, өз бетінше шешім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет