Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Ислам дінінің таралуы және араб-мұсылман мәдениетінің



Pdf көрінісі
бет27/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Ислам дінінің таралуы және араб-мұсылман мәдениетінің 
қалыптасуы. 
Халифат құрамына кірген территорияда ислам діні күшпен 
таратылған жоқ. Жауланып алынған халықтар, егер халифат қазынасына 
жизия салығын (жан басы салығы) төлейтін болса, өз дінінде қалуына 
мүмкіндік алды. Діни күштеудің болмауы, керісінше, исламның қарқынды 


түрде таралуына ықпал етті. Ислам діні, сондай-ақ Халифатта жолға 
қойылған сауда жолдары арқылы да тарады. Мұсылман көпестері, бір 
жағынан, діни миссионерлер де болды. Сонымен бірге, Халифат билеушілері 
жауланып алынған жерлерде қалалар салумен қарқынды түрде айналысты. 
Шығыстанушы В.Бартольдтің көрсетуі бойынша «жауынгер арабтың 
соңынан қалалық араб еріп отырды». Мұның өзі исламның таралуына оң 
ықпал етті.
Ислам дінінің қарқынды түрде таралуы халифат мәдениетінің сол 
дәуірдегі оң озық мәдениет болуымен де байланысты болды. «Мұсылмандық 
Ренессанс» деген атау алған араб-мұсылман мәдениетінің дамуына ислам 
дінінің ғылым-білімге ерекше жағдай жасауы ықпал етті. Әлемдік үш діннің 
ішінде тек ислам ғана зайырлы ғылым-білімге есікті айқара ашқанын көреміз. 
ІХ-ХІ ғғ. мұсылман елдерінде философия, математика, астрономия, 
тарихнама, лингвистика, химия, формокология барынша дамыды. Білім 
алуды әрбір мұсылманның міндеті ретінде түсіну исламның жеңімпаз 
шеруімен қатар жүрді. Осы шеру барысында әр түрлі мәдениеттердің 
жетістіктері игерілді. Пұтқа табынушылыққа негізделген грек-рим 
мәдениетін жою саясатын жүргізген христиандықтан ерекше, ислам бөтен 
мәдениеттерді игеруден бас тартпады. Осы үрдісті үкімет әрдайым қолдап 
отырды. Халифтер ғылыми жетістіктерді жинауға, алғашқы ғылыми 
саяхаттарды ұйымдастыруға, сарайда ғылым мен өнер адамдарының 
шоғырлануына ықпал етіп отырды. Осындай мәдени саясат, басқа да қолайлы 
тарихи жағдайлармен қосыла отырып ғылым-білімнің таралуы және жалпы 
ислам мәдениетінің іргетасының қалануы үшін ерекше жағдай туғызды.
Ұлы мұсылман ойшылдары – әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Киндилер ежелгі 
грек философтарының еңбектерін араб тіліне аударып, оларға түсіндірмелер 
жазды. Сонымен бірге олар эллинистік философияны одан әрі дамыта 
отырып, араб-мұсылман философиясының негізін қалады. Еуропа тарихында 
«мүлгіген дәуір» болған орта ғасырлар мен Ренессанс (Өркендеу) дәуірі 
арасында «ұлы аудармашылық дәуірі» жатты. Дәл осы дәуірде еуропалықтар 
өздерінің ұмыт болған антикалық мұрасымен мұсылман ғұламаларының 
шығармалары арқылы танысып, білім жинақтай отырып жаңа заманға секіріс 
жасады. 
Араб-мұсылман 
мәдениетінің 
еуропалықтарға 
ықпалының 
айтарлықтай болғандығын еуропалық шығыстанушылардың өзі мойындайды. 
Жалпы алғанда, араб-мұсылман мәдениетіне басқа халықтар өздігінен 
тартылып, сол мәдениеттен қолдан келгенше үйреніп отырды. 
Американдық шығыстанушы Франц Роузенталдың зерттеуі бойынша 
Құранда іlm (білім, ғылым) сөзі 750 рет, яғни өте жиі кездеседі екен. Араб 
халифатында білімділік ең жоғарғы қасиет деп есептелді. Білімді қадір тұту 
қасиетті кітап–Құранның өзінен бастау алды. Құранның бірқатар аяттары 
тікелей ғылым-білімге шақырады. Атап айтқанда 58-сүреде: «Алла сендердің 
араларыңнан иман келтіргендердің, ғылым білгендердің дәрежелерін 
көтереді» – деген аят бар. Білім тақырыбы хадистерде (Пайғамбардың 
даналық сөздері) жан-жақты ашылды. «Ғылымды Қытайдан болса да ізде», 


«Кімде-кім ғылымды сүйсе және ғалымды сүйсе, жәнатта ол менің көршім 
болады» – деген пайғамбардың хадистері мұның айқын айғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет