Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет52/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Ван Ань-ши реформалары.
1047-1048 жж. Ван Цзэ басқарған 
Милэцзяо құпия қоғамының көтерілісі болды. Өкімет жаңа көтерілістерге 
жол бермей, қаңырай бастаған мемлекеттік қазынаны аз да болса толықтыру 
үшін реформалар жүргізуге мәжбүр болды. 1069-1074 жж. орын алған 
реформаларды Сун әулетінің министрі Ван Ань-ши (1021-1086) жүргізді. 
Оның қайта құрулары негізінен экономика саласын қамтыды. Реформа 
бойынша алдымен жер үлестері қайтадан есепке алынды. Қызметкерлер жер 
иеліктері үшін салық төлеуге міндеттелді. Ван Ань-ши сонан кейін 
шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен 
алмастырды. Өз иеліктеріндегі жерлердің салығын шаруалар енді жартылай 
азық-түлікпен, жартылай ақшамен өтеуге тиіс болды. Ашаршылыққа жол 
бермеу үшін Ван Ань-ши мемлекеттік қамбалар ұйымдастырды. Онда 
сақталатын егін ашаршылық бола қалғанда халыққа үлестірілетін. 
Өсімқорлықты шектеу мақсатымен Ван Ань-ши мемлекеттік банктер 
ашқызды. Шаруалар сол банктерден өкімет белгілеген өсіммен қарыз алатын 
болды. Ван Ань-ши сауданы толық мемлекет қарамағына алуға сәтсіз әрекет 
жасады. Ол сонымен қатар әскерде де үлкен өзгерістер енгізбек болды. Ол 
жалдамалы армияны жойып, жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізді. Әр 
үш отбасы бір жаяу әскер, әрбір он отбасы бір атты әскер жасақтап беруге 
тиіс болды. Алайда, Ван Ань-шидің бұл шаралары шенеуніктер мен 
феодалдардың наразылығына әкелді. 1075 ж. ол қызметінен босатылды.
Осы кезде Сун империясының сыртқы саяси жағдайы нашарлай 
бастаған болатын. Қидандармен қанша соғыс жүргізсе де, Қытай қидандарға 
өтіп кеткен 16 округтың қайтарылуына қол жеткізе алмады. 1004 ж. 
Қидандардың Ляо империясымен Шаньюань қаласында келісім-шарт 
жасалып, онда бұрынғы шекара, екі жақтың теңдігі («бауырлық» 
қатынастары) бекітілді, ағалық жасы бойынша үлкен билеушіге берілді, яғни 
бір жақтан екінші жаққа өтіп отырды. Шарт бойынша Қытай қидандарға жыл 
сайын 200 мың жібек кесіндісін және 100 мың лян күміс (1 лян – 37,3 г) 
төлеуге тиіс болды. 1042 жылы жасалғанжаңа келісім бойынша қидан 
билеушісі өзін императордың «кіші бауырымын» деп мойындағанымен 
қытайлықтардың қидандарға төлейтін алымы 300 жібек кесіндісі мен 200 
мың лян күміске көбейтілді.
1040-1044 жж. аралығында Сун империясы Батыс Ся империясымен 
соғыстар жүргізуге мәжбүр болды. Бұл империя Қытайдың солтүстік-
батысында 982-1227 жж. өмір сүрді. Алғашқыда Таңғұт мемлекеті деп 
аталды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба 
әулетінің қолында болды. Соғыс бітім шартымен аяқталды. Шекара өзгеріссіз 
қалды. Ся (Таңғұт) өкіметі Сун сарайының вассалы деп танылды. Бірақ 
Қытай таңғұттарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс 


болды. 1069-1072, 1096-1099 жж. екі ел арасындағы соғыстар онан әрі 
жалғасты.
ХІ ғасырдың ортасынан бастап Сун, Ляо және Батыс Ся арасында, 
қақтығыстар мен Қытайдың біраз жерлерінен айырылуына қарамастан 
күштердің өзара теңдігі сақталды. Бұл теңдік ХІІ ғасырдың басында жаңа, тез 
қарқынмен күшейіп жатқан чжурчжендер (тұнғұс тайпаларының бір 
тармағы) мемлекетінің пайда болуымен өзгерді. Мемлекет алғашқыда 
Маньчжуриядағы Сунгари өзенінің орта ағысында қалыптасқан болатын. 
1115 ж. чжурчжендер өз мемлекетін Цзинь империясы деп жариялайды. 
Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін 
қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын 
қайтарып алды да, алайда Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді 
чжурчжендерге төлеуге тиіс болды. 1125 ж. Ляо империясы құлады. Бұдан 
кейін чжурчжендер шапқыншылығы Қытайға қарсы бағытталды. 1127 
жылдың басында олар Сун империясының астанасын басып алды. Император 
тұтқындалып, солтүстікке әкетілді. Бірақ императордың бір інісі - Чжао Гоу 
Кайфыннан тыс жерде жүріп, аман қалған еді. Ол оңтүстікке қоныс аударып, 
өзін император деп жариялады. Оның билігі Қытайдың тек оңтүстік бөлігіне 
ғана тарады. Қытай мемлекеті енді Оңтүстік Сун империясы деп аталды. 
Империяның астанасы Линьань (Ханчжоу) қаласы болды. 15 жыл бойы 
Цзинь империясы Оңтүстік Сунды жаулап алуға, ал Оңтүстік Сун — 
чжурчженжер басып алған солтүстік аудандарды қайтарып алуға тырысты. 
1134-1140 жж. Юэ Фэй басқарған Қытай әскері біраз жеңістерге де жетті. 
Бірақ сарайда канцлер Цинь Гуй басқарған топ басым болды. Ол топ Цзинь 
империясымен соғысудың қажеті жоқ, оны жеңу мүмкін емес деп санады. 
Сондықтан бұл топ келіссөз жүргізуді жақтады. Майдандағы әскер 
басшылары астанаға шақырып алынды. Юэ Фэй өлтірілді. 1141 ж. 
чжурчжендермен өте ауыр бітім шарты жасалды: Цзинь империясына 
Хуайши өзенінің солтүстік аудандары берілді, Сун императоры Цзиньдердің 
вассалы деп жарияланды. Оңтүстік Сун империясы Цзинь империясына 
жылына 250 мың күміс лян, 250 мың бума монета (1 бумада - 1000 монета) 
салық төлеп тұратын болды. Сун империясының солтүстігі сол күйінде 
чжурчжендер қолында қалып қойды. Осы жағдай моңғол жаулап 
алушылығына дейін сақталды. ХІІІ ғасырдың басында Қытайға монғолдар 
басып кіргенде, ел осылайша екіге бөлініп, бір-бірімен соғыстар жүргізіп 
жатқан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет