Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет49/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Монғол 
жаулаушылықтарының 
салдарлары.
Монғолдардың 
көптеген дамыған елдерді жеңіл түрде жаулап алуының бірқатар объективті 
себептері болды. Ең алдымен, мұны монғол әскерінің қуаттылығымен 
түсіндіруге болады. Көшпелілірдің атты әскеріне бірде бір отырықшы елдің 
әскері тең келе алмайтыны ежелден белгілі жағдай. Оның үстіне монғол 
қолбасшыларының тактикалық шеберлігі аса жоғары болды. Әскерде 
темірдей қатаң тәртіп орнатылды. Монғолдар отырықшы елдерді жаулап алу 
барысында, олардан қамалдарды алу техникасын үйреніп алды.
Монғолдардың жеңістерінің екінші себебі, оның қарсыластарының осы 
кездегі әлсіздігі болды. Мысалы, Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекеттер – 
таңғұттардың Си Ся мемлекеті, чжучжендердің Цзинь және Оңтүстік Сун 
империялары өзара бір бірімен соғыстар жүргізіп отырды.
Батыс Азиядағы қарақытайлықтар мен Хорезм мемлекеттері де бір 
бірімен жауласып отырды. Қарақытай мемлекетіндегі билікті найман 
ханзадасы Күшлік басып алғанымен, оның мұсылмандарға қарсы саясаты бұл 
мемлекеттің де ғұмырын қысқа етті. Хорезмшах мемлекеті де іштей әлсіз еді. 
Орта Азия жері бұл мемлекеттің құрамына енді ғана қосылған болатын. 
Оның үстіне мемлекеттің қоластындағы түріктер мен түрік емес халықтар 
арасында бірлік болмады. Монғолдар түріктерді өз жағына тартып, олардан 
әскери бөліктер қалыптастырып отырды. 
Монғол тайпаларын біріктірген мемлекеттің құрылуы жалпы алғанда 
прогрессивті құбылыс болды. Оның шекарасы шығыста Хинган жотасынан, 
батыста Алтай тауына дейін, солтүстікте Селенга өзенінен оңтүстікте Ұлы 
Қытай қорғанына дейін созылды. Ру-тайпалық қырқыс соғыстардың тоқтауы 
елдің шаруашылығының дамуына оң ықпал етті. Біртұтас монғол халқы 
қалыптасып, мәдениеті дамыды. 
Сонымен бірге, Шыңғысханның жаулаушылық жорықтары жауланып 
алынған елдердің мәдениеті мен экономикасына ауыр зардаптар әкелді. 
Кейбір халықтар жер бетінен мүлде жойылып кетті. Мысалы, Си Ся 
мемлекеті құлағаннан кейін таңғұт халқы толықтай жойылды. Орталық 
Азияның қалалары қирап, отырықшы өркениет тоқырады. Алайда 
жаулаушылық жорықтар аяқталып, біртұтас империя құрылғаннан кейін бұл 
қалалар қайта көтерілді. Батыс пен Шығысты біріктірген Монғол 
империясында Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың дамуына қолайлы 
жағдайлар жасалды. Империя аймақтары арасында ішкі байланысты 
қамтамасыз еткен сауда жолдары және дамыған пошта жүйесі жолға 
қойылды. Монғолдар жауланып алынған халықтардың діни салт-
дәстүрлеріне еш шек қойған жоқ, империяда діни еркіндік орын алды. 
Мұның бәрі монғол мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық қатынастар 
мен мәдениеттің дамуының алғышарттары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет