Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия мен Закавказьені жаулауы



Pdf көрінісі
бет47/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия мен Закавказьені жаулауы.
Монғолияның 
батысында 
бұл 
кезде 
екі 
үлкен 
мемлекет 
– 
қарақытайлықтардың Батыс Ляо мемлекеті мен Хорезмшахтар мемлекеті 
орналасты. Қарақытайлықтар үстемдік еткен Жетісу өңіріне монғолдар ең 
алғаш рет 1211 жылы, наймандардың ханзадасы Күшлікті қуып келген 
болатын. Батыс Ляо мемлекетіндегі билікті тартып алған Күшлік жергілікті 
мұсылмандарға қысым көрсете бастайды. Осы жағдайды ұтымды 
пайдаланған Шыңғысхан, 1217 жылы Жетісу жеріне Жебе ноян басқарған 
монғол әскерін жібереді. Діни еркіндік ұранын көтерген Жебе ноянға 
мұсылмандар қолдау көрсетіп, Күшлікке қарсы бас көтереді. Нәтижеде 
Күшлік жеңіліс тауып, 1218 жылы Жетісу жері толықтай монғолдардың 
қолына өтеді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға 
Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға жол ашылды. Бұл өңірге басып 
кіруге «Отырар апаты» деп аталып кеткен оқиға сылтау болды. (Бұл оқиға 
туралы «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығында жақсы 
жазылған). Шыңғыс хан Орта Азияны бағындыруға жалпы саны 150 мың 
адамнан тұратын қалың қолын жіберді. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде 
Ертіс жағалауында басталды. Өз әскерін үш топқа бөлген Шыңғыс хан
ұлдары Шағатай мен Үгедей бастаған бір бөлігін Отырарды алуға қалдырды. 
Үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына 
аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. 1220-1221 жылдар аралығында 
монғолдар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның қалалары үшін қиян-кескі 
шайқастар жүргізді. Отырар, Сығанақ, Ашнас, Үргеніш қалалары 
монғолдарға ұзақ уақыт қарсылық көрсетті. Алайда, ақырында, олар монғол 
әскерінің алдында тізе бүгуге мәжбүр болды. Орта Азия қалаларының 
монғолдардан жеңілуіне бұл қалалар арасында бірліктің болмауы, сондай-ақ 
Хорезмшах билеушілерінің осал саясаты себеп болды. 
Орта Азияны жаулап алғаннан кейін соғыс Хорасан (қазіргі Түркмения), 
Ауғанстан мен Солтүстік Үндістан жеріне ауысты. Солтүстік Иран жауланып 
алынғаннан кейін монғол әскері Азербайжан жеріне кіреді. Бұл жерде 
монғолдарға Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армяндар мен 
грузиндердің әскерін талқандағаннан кейін, Жебе мен Сүбедей батырлар 
басқарған монғол әскерлері Дербент арқылы Солтүстік Кавказ жеріне аяқ 
басады. 1223 жылы Қалқа өзенінде монғолдар орыс князьдері мен 
қыпшақтардыңбірлескен жасақтарын талқандайды. 
1225 жылы Шыңғысхан Орта Азиядағы иеліктерді басқаруды Хорезм 
көпесі Яловачқа тапсырып, өзі Монғол империясының орталығы 
Қарақорымға қайтып кетеді. Бұған себеп болған таңғұттардың бас көтеруі 
еді. 1226 жылы Шыңғысхан таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасайды. 
Жорық нәтижесінде монғолдар ірі жеңіске жетіп, таңғұттарды толық 
бағындырады. Осы жорықтан қайтып оралғаннан кейін, Шыңғысхан аң аулап 


жүріп аттан құлап, мертігеді. Осы сырқаттан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 
жылы 72 жасында дүниеден өтеді. Таққа кіші ұлы Үгедей отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет