Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет44/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Бахманид. Виджаянагар мемлекеті. 
Дели сұлтандарының Виндхия 
таулы аймағынан оңтүстікке қарай жатқан жерлерге билігі ұзақ болмады. 
ХІҮ ғ. 40-жылдары сұлтанаттың оңтүстік провинциясы - Деканда толқулар 
басталды. 1347 ж. Девагрирде (Доулатабад) бүлікшіл феодалдар Мухаммед 
шах Тоғлақтың бұрынғы қолбасшыларының бірі Абу Музаффар Ала-уд-дин 
Бахманды сұлтан жариялады. Ол мемлекетті наместниктікке - тарафтарға 
бөлді (Гулбарга, Доулатабад, Бидар, Берар). Астанасы – Гулбарганы 
Ахсанабад деп өзгертті.
Бахманид сұлтанаты Деканның едәуір бөлігін алып жатты. Оңтүстігінде 
Кришна өзенімен, солтүстік-батыста Тапти және Годавари өзендерімен 
шектелді. Бахманидтер Кришна мен Тунгабхадра өзендері үшін 
Виджаянагармен соғысты. Сұлтандық министр Махмуд Гаван бастаған әскер 
Малвамен, т.б. Конканның үндістік князьдарымен соғыста жеңіске жетті. 
Бахманид мемлекетінің саяси өмірінде феодалдық екі топтың теке-тіресі 
орын алды. Бұл декани (бұрынғы мұсылман-қоныстанушылардың 
ұрпақтары) және афаки («шетелдіктер», жақында қоныстанушылар) топтары 
болатын. Махмуд Гаван соңғысының қатарында болды. Күрес діни сипат 
алды. Афаки – шииттер, ал декани сунниттер еді. 1431 ж. жаулары Махмуд 
Гаванға жала жауып, сұлтанның бұйрығымен сарай маңындағылардың 
көзінше өлтірілді.
ХҮ ғ. аяғында Бахманид сұлтанатының құлдырауы басталды. 1490 ж. 
Биджапур, Берар, Ахмаднагар бөлініп шықты. Ахмад Низам шах өзін 
тәуелсіз билеуші жариялады, оның ізбасарлары низам-шахтар Ахмаднагарда 
1633 ж. дейін билік етті. 1512 ж. Бахманидтерден Голконда бөлінді, билікке 
Кутб-шах келді. 1525 ж. соңғы бахманид сұлтаны Биджапурға қашып кетті, 
ал уақытша әмір Касим Барид өзін Бидар билеушісі деп жариялады.
ХІҮ ғ. 30-40 жж. Бахманид мемлекетінің оңтүстігінде бірнеше дербес 
князьдіктер құрылды. 1334-1335 жж. Мадур сұлтанатының негізін қалаған 
Тамилнад наместнигі бөлініп шықты. Андхраның солтүстігінде Редди 
князьдігі құрылды. Андхраның басқа бөліктері де сұлтанға бағынудан бас 
тартты. Осындай жағдайда Кампилидегі Мухаммед шах Тоғлақтың 
наместниктері – Сангама руынан шыққан ағайынды Харикара мен Букка 
тәуелсіздігін жариялады. Олар Тунгабхадра жағалауында Виджаянагар 
бекінісін салып, жерлерін ұлғайта бастады. 1346 ж. Хойсал мемлекеті 
жойылды, 1347 ж. Банавасидегі Кадамба мемлекеті, 1359-1360 жж. Солтүстік 
Тамилнадта Шамбуварай князьдігі, 1370 ж. Мадур сұлтанаты құлатылды. 
Редди мемлекетін ығыстырып, Кришна мен Тунгабхадра өзен аралығы үшін 
Бахманидтермен күресті. Осылайша Виджаянагар мемлекетінің қоластында 
Оңтүстік Үндістан толық біріктірілді. Виджаянагар мемлекеті солтүстіктегі 
көршілерімен үздіксіз соғыстар жүргізді.
ХҮ ғ. аяғы–ХҮІ ғ. басында құлдырау кезеңін бастан кешірген 
Виджаянагар мемлекеті, алайда Тулува әулетінің өкілі Кришнадеварайдің 
билігі (1509-1529) тұсында қайтадан қуатты мемлекетке айналды.


Виджаянагар 
империясы 
оңтүстіктегі 
бұрынғы 
мемлекеттермен 
салыстырғанда орталықтанған мемлекет болды. Барлық әкімшіліктің басында 
махараджа тұрғанмен, биліктің барлығы оның министрі – махапрадхан 
қолына шоғырланды. Оған әскери, қаржы, храм ісі жөніндегі, қаланы басқару 
жөніндегі т.б. әртүрлі ведомстволар бағынды. Махараджа мен министрдің 
қатысуымен өтетін Мемлекеттік кеңес жұмыс жасады.
Махапрадханға тікелей орталықтың нұсқауымен әрекет ететін 
провинциялардың наместниктері бағынды. Наместниктер екі-үш жылда 
ауыстырылып отырды. Провинциялар шенеуниктер басқаратын округтерге 
бөлінді. Қауымдық басқару органдары сақталғанмен, нақты билігі жүрмеді. 
Бұл әкімшілік жүйе Виджаянагарды толық қамтыды. Сондай-ақ, империяға 
ішкі автономиясын сақтаған вассалды князьдіктер қарады, олар салық 
төлеуге және императорды әскери жасақпен қамтамасыз етуге міндеттелді. 
Жерді феодалдар иемденді. Жер қорының едәуір бөлігі мемлекет меншігінде 
болды. Мемлекет шаруалардан жер салығын және т.б. салықтар алып 
отырды.
Мемлекет қорындағы жерлер әскери вассалдар – 
амаранайякилерге 
берілді. 10-12 деревня көлеміндегі жерлер қызмет мерзіміне дейін әскердің 
қолында сақталды. Кейінірек әскери вассалдар бұл жерлерді мұрагерлік 
жолмен балаларына қалдырып отыратын болды, бірақ мұрагерлік құқығы 
заңмен бекітілмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет