Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет57/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Монғолдардың Қытайға жорығының негізігі кезеңдерін көрсетіңіз. 
2. Юань билігіндегі Қытайдың басқару жүйесі? 
3. Шаруалар соғысы және Қытайдың монғолдардан азат етілуі? 
4. Мин дәуіріндегі Қытайдағы реформалық қозғалыстың мәнін ашыңыз. 
5. Миндік Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз. 
 
XI ТАРАУ 
ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖАПОНИЯ 
 
Жапонияда Сегунаттың қалыптасуы. 
Х-ХІІІ ғғ. Жапонияда 
ертефеодалдық қоғамнан дамыған феодализмге өту іске асты. Бұл уақыт 
аралығында әскери сословие бірте-бірте күшейе берді. Х ғ. басында-ақ елдің 
шығыс провинцияларында Тайра Масакадо бастаған, ал батысында 
Фудзивара Сумитома бастаған феодалдардың үкіметке қарсы бүліктері осы 
процестің айғағы болды. Әскери сословиенің билікке келуіне бірқатар 
жағдайлар ықпал етті. Х-ХІІ ғғ. шеткергі аймақтарда феодалдар күшейді, 
нәтижесінде орталыққа бағынбау тенденциясы, жекелеген провинциялардың 
сепаратизмі, саяси бытыраңқылық күшейді. Х-ХІ ғғ. феодалдардың арасында 
өзара қырқыстар пайда болды. Оның ақыры феодалдық үйлер арасындағы 
бәкелестік пен саяси бытыраңқылыққа ұласты. Х-ХІІ ғғ. Орын алған бұл 
процестер орталық билікті әлсіретті.
Алғашқыда феодалдық жасақтар шаруалар көтерілістерін басу 
мақсатында құрылған болатын. Осы кезде жапон қоғамында семсер культі 
дамыды, ерекше әскери-феодалдық сословие самурайлар құрылды. Олар 
күшті феодалдық үйлердің вассалдары, әрі кәсіби әскери жасақшыларына 
айналды. Мұнымен бір мезгілде «бусидо» («самурай немесе жауынгер 


жолы») деп аталатын әскери қызметтік ақсүйектердің дүниетанымы туралы 
құжат дайындалды. Онда самурайдың тәртіп ережесі мен ар-ождан кодексі
қарастырылған. «Бусидоның» негізіне конфуциандық пен буддизмнің 
мемлекетке, сюзеренге, әкеге, үлкенге бағыныштылық ілімдері алынды. 
«Бусидоның» кез-келген ережесін бұзу немесе самурайды масқаралайтын 
әрекет самурайдың «харакири» («қарын жару») рәсімімен орындалатын өзіне 
қол жұмсауымен аяқталды. 
ХІІ ғ ортасынан бастап Тайра мен Минамото үйлері арасындағы күрес 
өршіді. Оңтүстік-Батыс Жапонияда, әсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие болды. 
Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға дейін қолында 
ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар өз қарсыластары — 
солтүстік-шығыс аудандарының феодалдарымен күрес жүргізді. Солтүстік-
шығыс феодалдары мен оңтүстік-батыс феодалдарының күресі ықпалды екі 
үйдің — Тайра мен Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте әскери 
күшке ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі 
жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур маңында тайралықтар жеңілді. Минамото 
үйі бұл соғыстың нәтижесін өз мүддесіне пайдаланды. 1192 жылы әскер 
қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен мемлекеттің жоғарғы 
басшысы деп жарияланды. Сёгун - «сейи тайсёгун» деген сөздің 
қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварларды бағындырушы ұлы қолбасшы 
дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш 794-811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) 
Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін 
жіберілген әскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің 
императордан Минамото әулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы 
әулеттің басшысы Ёоритомоға берілді. Сёгунат - феодалдар диктатурасының 
саяси формасы болды. Оның үкіметі бакуфу деп аталды. Елдің саяси 
орталығы Хонсю аралының шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. 
Тайраларды жеңген соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы 
император мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді. 
Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай 
пайдаланып қалды. 1185-1192 жылдары император мен астаналық ақсүйектер 
іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ император атағы сақталып қалды. 
Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы әскери бүлік арқылы билікке қайта 
оралу әрекеті жеңіліс тапты. 
Жапонияда Минамото әулетінен шыққан сегундар билігі орнады. 
Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Ол Киотода қалдырылды, бірақ 
оны әскери гарнизон үнемі күзетіп отыратын болды. Астана Хонсю 
аралының шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Сондықтан да 
Минамото мен Ходзё әулеттері (Ходзё Минамото Ёоритомоның қайын атасы 
болатын) билік құрған 1192-1333 жылдар аралығы Камакура сёгунаты деп те 
аталады. Минамото жасақшылары жеңілген қарсыластарының біраз жерін 
тартып алып, өзара бөліске салды. Әскери комиссарлар өз үлестерін 
басқалардың есебінен ұлғайта түсті. Кейін олардың көбі ірі феодалдарға - 
даймелерге айналды. 


1199 ж. Минамато-Еритомо үйінің басшысы өлгеннен кейін жесірі 
Ходзе Такимаса билікке келді. 1219 ж. Минамато – Санэтомо үйінің соңғы 
сегуны өлтірілді. Басқару Минамато үйіне жақын Ходзе үйіне берілді, оның 
шексіз билігі ХІҮ ғ. алғашқы ширегіне дейін созылды.
Минамато мен Ходзе ұрпақтары арасындағы билікке таласты 
император пайдаланды. 1219 ж. экс-император Готоба қарулы көтеріліс 
жасады. Бұл Жапония тарихында «Секю жылының дүрбелеңі» аталды. 
Билікке келген Екю 1219-1221 жж. елді басқарды. Бүлікші сарай 
ақсүйектерінің 600-ден астам иеліктері тәркіленіп, Ходзе үйі арасында 
бөліске түсті. 1221 ж. бастап Ходзе император сарайына бақылауды 
күшейтті, көтерілістердің алдын алу мақсатында Киотода ерекше өкілетті – 
резиденция құрды. Камакура үкіметінің мемлекеттік аппараты сегунның 
тікелей вассалдарынан құралды. Камакура сегунаты самурайлар мен 
ақсүйектерге, будда дін басыларына сүйенді.
ХІІ ғ. аяғы мен ХШ ғ. басында жер феодалдық үйлердің пайдасына 
қайта бөлінді. Минамато үйі Тайра үйінің иеліктерін тәркілеп, жақтастарына 
арнаулы грамота (гогэбун) түрінде үлестік жер («тигети» - ұсақ үлестік жер) 
таратты. Шаруаларды қанаудың түрлері өзгерді. Барщинамен (жұмыспен 
өтеу) бірге азық-түлік рентасы (натуралды оброк) да қатар жүрді. Күріш және 
мақта өнімінің 40% -дан 60%-ға дейінгі үлесі алынды. Шаруалар бекіністер 
мен құрылыстар салу, әртүрлі алым-салықтар төлеу т.б. қосымша 
міндеткерліктер атқарды. Сондай-ақ, оларды самурай жасақтары мен жаяу 
әскерде қызмет етуге мәжбүрлеп отырды.
1232 ж. император бүлігін басқаннан кейін (Киотоны Ходзе әскері 
басып алғаннан кейін) реформатор Ходзе Ясутоки «Дзеэй жылдарының 
заңын» шығарды. Ол ұсақ жер иеліктерін ұстаушы ақсүйектерді нығайтуды 
көздеді. 
Ортағасырлық 
Жапонияда 
азаматтық, 
қылмыстық 
және 
процессуалды кодекстер шықты. Заң баптарында көбінесе феодалдардың 
қарсылықтары мен қастандығын жазалау, жерді күштеп тартып алу 
мәселелері қаралды. Феодалдарға көтерілістерді басып тастауға шексіз құқық 
берілді. Мұрагерлік тәртібі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет