Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Қолөнер және сауда-өсімқорлықтың дамуы



Pdf көрінісі
бет58/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Қолөнер және сауда-өсімқорлықтың дамуы. 
Х-ХІІ ғғ. Жапонияда 
ертефеодалдық қалалар бой көтерді. Өндіргіш күштердің өсуі еңбек 
бөлінісіне, қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуіне әкелді. Жапония 
Қытайға экспортқа алтын, сынап, желпуіш, лакталған бұйымдар, семсер,
ағаштардың түрлерін шығарды, ал сырттан жібек, парша, опа, фарфор, мыс 
монеталары әкелінді. 
Алайда қолөнершілер мен саудагерлер, өсімқорлар, шаруалармен қатар 
құқықсыз халықтың құрамына кірді. Бірте-бірте қолөнершілер «дза» деп 
аталған бірлестіктер (ортағасырлық Еуропадағы қолөнер цехтарының 
баламасы) құрды. Олар XII ғасырдың басында Хэйан ( Киото) және Нара 
сияқты ірі қалаларда құрылды. Дзалар алдымен император сарайына қызмет 
етті, сонан кейін киотолық сарай ақсүйектері мен бай монастырлар үшін 
еңбек етті. Ол кезде дзалар әрі цех, әрі гильдия қызметін атқарды. Өзара 
қырқысулар тоқтап, Минамото сегунаты орнаған соң XIII ғасырда дзалар 


бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық провинцияларда кең тарай 
бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында даймелердің қамқорлығымен ірі 
феодалдық иеліктер де құрылды. Дегенмен, XII-XIV ғасырларда ең күшті 
және ең бай дзалар монастырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің 
қамқорлығындағы дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым 
түрлерін шығаруға, оны сатуға құқық алып отырды. Қамқоршыларына дзалар 
өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды. Астанада, 
провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы сауда мейрамдар 
кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда, аптасына 1-2 рет өткізілсе, 
бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті. Саудагерлер бірлестіктері
«накама» деп аталды (Еуропадағы гильдиялар тәрізді). Азық-түлік дайындап, 
сататындардың да бірлестіктері құрылды. Олар феодалдар иеліктері мен 
монастырларда, Киото сарайында пайда болды. Олар балық, құс, мал етін 
сатып отырды. Сондай-ақ бірден көп мөлшерде сататын «тоя» деген 
саудагерлер (көтерме саудамен айналысушылар) шықты. Олар салықтан 
түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп, алып-сатарларға 
өткізіп отырды. 
Бұл кезге (XIII ғ.) қарай өсімқорлық капиталы едәуір дамыды. Ол 
самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол 
шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық капиталының 
жағдайы одан сайын нығая түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет