Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Мин мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты



Pdf көрінісі
бет56/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Мин мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.
Билікке келгеннен 
кейін Чжу Юаньчжан елдің экономикасын қалпына келтіруге кіріседі. Ол
көтеріліс кезінде басып алынған жерлерді шаруаларға бекітіп берді. Егістік 
жерлер жетіспегендіктен тың жерлерді игеруге көңіл бөлінді. Тың жерлерді 
игерген шаруалар үш жылға салықтан басатылды. Шаруалардың бұрынғы 
қарыздары жойылды. Салықтардың мөлшері азайтылды. Шаруаларға тұқым, 
құрал-саймандар қарызға берілді. Бос жатқан жерге қоныстанған шаруалар 
үкіметтен көлік ретінде ірі қара мал да алды. Бос қалған үйлер халыққа тегін 
берілді. Жұмыс күшінің санын көбейту мақсатымен монғолдардар тұсында 
ерекше белең алған құлдық жойылды. Монахтардың саны қысқартылып, 
ерікті адамдардың сатылуына тиым салынды. Мин империясының алғашқы 
жылдарында ирригациялық жүйені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 
Атап айтқанда, 1395 ж. елде 40987 су қоймалары салынды. Осы шаралар 
ауыл шарушылығының, шаруалардың жағдайын жақсартуға ықпал етті. 
Алайда мемлекеттік жер қорын кеңейтумен бірге, Чжу Юаньчжан 
жерді және халықты қатаң түрде есепке алуға тырысты. Жаңа император 
барлық жеке меншік және мемлекеттік жердің есебін қайта жүргізді. Осы 
мақсатпен 1370 ж. халық санағы жүргізілді. Есеп жүргізілген кезде шаруалар
отырған жерлеріне бекітілді.
Қолөнершілер де елеулі жеңілдіктер алды. Көпестердің тиімді сауда 
жасауына жағдай жасалды (еркін жүріп-тұруға рұқсат етілді, салық азайды), 
аудандар арасындағы экономикалық байланыс нығайды. Фарфор 


мануфактурасы мемлекет қарамағына алынды. 1375 жылы жаңа қағаз ақша 
шығарыла бастады, алайда кейін қайтадан металл ақшаға көшті. 
Мин империясы жарияланған алғашқы жылдары оның әкімшілік 
аппараты Тан-Сун жүйесінің тура көшірмесіндей болған еді, сонымен бірге 
Юань империясының бірқатар тәртіптері де сақталды (ұлыстық жүйе). 
Алайда императордың билігін біраз шектейтін бұл жүйе Чжу Юаньчжанға 
ұнамады, сондықтан да ол көп ұзамай басқару аппаратын қайта құруды 
бастап кетті. Ондағы мақсаты орталықтандыруды барынша күшейтіп, өзінің 
жеке билігін орнықтыру болды. Орталық және жергілікті басқару, сондай-ақ 
жоғарғы әскери басшылық қайта құрылды. 1380 ж. императорға қарсы 
бүлікке қатысты деген сылтаумен бірінші министр Ху Вэйюн өлтірілді. 
Осыдан кейін канцлер қызметі мен сарай хатшылығы жойылды. Барлық 
билік толықтай императордың қолына көшті. Министрлер мен басқа да 
қызметкерлер тарапынан бүлік болып қалады деген қауіппен император 
құпия полиция қызметін (Цзиньи-вэй) құрды. Ол билікте болған 30 жыл 
ішінде шенеуніктер мен елдің басқа да халқы арасында тазартулар жүріп, 
нәтижесінде 100 мың адам өлім жазасына кесілді. 1377 ж. ол конфуциандық 
емтихан жүйесін жойды.
1398 ж. Чжу Юань-чжан өлген соң сарай ақсүйектері таққа оның 
баласын отырғызбай, немересін отырғызды. Бірақ бұрынғы ұлы хан астанасы 
Даду (Ханбала) қаласын иемденуші ықпалды князь, Чжу Юань-чжанның 
баласы Чжу Ди 1403 ж. төңкеріс жасап, императорды тақтан түсірді де, өзін 
император деп жариялады. Ол Даду қаласында қала берді де, 1421 ж. оны 
Бэйцзин (еуропалықтар – Пекин) деп атады. 
Өзі билік құрған 1403-1424 жылдарды Чжу Юнлэ – «мәңгілік қуаныш» 
жылдары деп атады. ХІV ғасырдың аяғында империя халқының саны 
шамамен 60 млн болды. (ХІV ғасырдың 40-жылдарында оба дертінен 
Қытайдың 75 млн халқы қырылып қалды). Чжу Ди өте белсенді сыртқы 
саясат жүргізді. Ол саясат елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталды. 
Чжу Ди билігі кезінде монғол хандарымен күрес одан әрі жалғасты. Енді 
Қытай қорғаныс емес, шабуылға шықты. Бірақ Цю Фу басқарған қытай 
әскері 1409 ж. Керулен өзеніндегі шайқаста монғолдардан жеңіліп қалды. 
Келесі 1410 ж. қытай әскері Онон өзеніндегі шайқаста жеңіске жетті. Төле 
өзенінде Қытай әскері батыстық моңғолдар - ойраттарды талқандады. 
ХV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір 
державасымен қатынасы шиеленісті. Чжу Ди Темірге елшілік жіберіп, оның 
Қытайға тәуелділігін мойындауын, салық төлеп тұруын, жіберілген елші 
Анды тез қайтаруын талап етті. Ол талапқа жауап ретінде Темір қытай 
елшілігімен қоса сауда керуенін де кері қайтармай, ұстап қалды. 1404 
жылдың қараша айында Темір Қытайға қарсы жорыққа аттанды. Алайда, 
1405 ж. 18 ақпан күні Отырар қаласында Темір қайтыс болып, Қытайға 
жорық тоқтады.
1405 ж. Қытай Вьетнамның біраз жерін басып алды, ал 1407 ж. оны 
толық бағындырып, 1427 жылға дейін өзінің бір провинциясына айналдырды. 


1402-1404 жж. көптеген елшіліктер теңіздің арғы жағындағы елдерге, оның 
ішінде Үндістанға да жіберілді. Әсіресе атақты теңізде жүзуші, әрі саясаткер 
Чжен Хэ басқарған экспедиция кеңінен белгілі болды. 1403-1433 жж. 
адмирал Чжен Хэ басқарған 7 жорық Үндістанға, Индонезияға, Шығыс 
Африкаға жасалды. Оның эскадрасы 30 мың жауынгері бар 48-62 кемеден 
құрылды. 1415 ж. орталық Азияға, Темірдің мұрагерлеріне үлкен елшілік 
жіберілді. Ондай елшіліктер 1411 ж. Манчьжурияға, 1412 ж. Үндістандағы 
Джаунапур мен Дели князьдықтарына, 1415 ж. Тибетке, т.б. елдерге 
жіберілді. Бірақ бұл елшіліктердің табысы Чжен Хэнің елшілігінің 
табысынан әлдеқайда аз болды. 1427 ж. Қытай әскері Вьетнамнан шығып, 
оның тәуелсіздігін мойындады. 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін 
елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты. 1449 ж. 
батыстық моңғол-ойраттар басшысы Есен Қытайға шабуыл жасады. Туму 
маңында ойраттықтар Қытай әскерін талқандады. Император тұтқынға түсіп, 
әскердің қолбасшысы қаза тапты. Бірақ Есен Қытайдың астанасын ала алмай, 
1450 ж. кейін қайтты. Туму апатынан кейін Қытай барлық әскери күшін 
солтүстік-батысқа шоғырландырып, басқыншылық саясатын уақытша 
тоқтатуға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет