Лейкоплакияның тегіс (қарапайым) түрі
жиі кездеседі.
Қарағанда ұрттың, еріндердің қызыл жиегі, ауыз бұрыштары
кілігей қабығында сұр-ақшыл реңді, сұр-қоңыр түсті шектелген,
кілігей қабықтың бетінен шығып тұрмайтын мүйізденген аймақ
байқалады.
Веррукозды лейкоплакия.
Клиникалық тұрғыдан кілегей
қабатының бетінен көтеріліп тұратын, тығыз ақ қабыршақ
байқалады. Қабыршақтар қыртысты, олардың беті дөрекі келеді.
Айқын,
эпителияның
гиперплазиясымен,
кейде
және
метаплазиямен, мүйіздену процессі байқалады. Клиникалық
көрінісі бойынша веррукозды лейкоплакияны қабыршақты және
сүйелді деп бөледі.
Қабыршақты түрі сүт тәріздес ақ, кілігей қабатының бетінен
шығып тұратын, элементтердің байқалуымен сипатталады.
Элементтер дұрыс емес формалы, беті кедір-бұдыр, жиірек
күстенуді еске түсіреді. Олар жиі тілдің кілегей қабатында
орналасады.
Сүйелді түрі тегіс лейкоплакия фонында кілігей қабаттан
шығып тұратын төмпешікті құрылымның пайда болуымен
сипатталады. Олар сұр-ақшыл түсті, жиірек сүйел тәрізді
өскінділерді еске түсіреді. Лейкоплакияның сүйелді түрі
потенциальды залалды болып келеді. Құрылымның жиі
орналасатын жері – ұрттың кілігей қабаттары, ауыз бұрыштарына
жақын жерде, тістердің түйсетін сызықтары, тіс жоқ немесе жиі
жарақатқа ұшырайтын аймақтар. Веррукозды лейкоплакияның
малигнизациясының
ерте
клиникалық
көріністеріне
гиперкератоздың, ошақтардың тығыздығының артуы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |