Бағдарламасы (10 11 сынып, 34 сағат саны) Құрастырған Биология пәнінің мұғалімі К. О. Жаныспаева


Дальтонизм – түрлі-түсті ажырата алмау. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Диплоид



бет9/18
Дата10.10.2022
өлшемі74,95 Kb.
#152505
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Заманауи жалпы биология 2019 жыл
ертіс қарағанды
Дальтонизм – түрлі-түсті ажырата алмау. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі.
Диплоид – сомалық клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы.
ДНКдезоксирибонуклеин қышқылы, тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып есептеледі. Шиыршық тәрізді болып орналасқан екі полинуклеотид тізбегінен тұрады.
Дигибридті будандастыру – белгілерінде екі түрлі айырмашылығы бар формаларды будандастыру. Мысалы, тұқымы сары, тегіс бұршақ пен жасыл бұдырлы бұршақ өсімдігін будандастыру.
Доминанттылық – аллельдер жұбындағы бір геннің басымдылық әрекетіне байланысты 1 – ұрпақтан көрініс беріп, екінші рецессивті генді басып тастауы. Доминанттылықтың немесе рецессивтіліктің көріну дәрежесі сыртқы ортаның әсеріне, сондай-ақ басқа гендердің модификаторлық әрекетіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан толық доминанттылық кей жағдайда толымсыз доминанттылыққа ауысып, аралық сипаттағы формалар жарыққа шығады.
Дупликация – хромосоманың қайсібір бөлігінің екі еселенуі.
Евгеника – генетикалық жолмен адамның биологиялық табиғатын жақсарту туралы ілім.
Зигота – аталық және аналық клеткалардың қосылып ұрықтануы нәтижесінде түзілетін диплоидты клетка.
Зигонема – гомологты хромосомалар уақытша бір-біріне жақындаса бастайтын мейоз профазасындағы сатылардың бірі.
Идиотип – организмнің барлық тұқым қуалайтын факторларының жиынтығы.
Изоляция – организмдердің белгілі бір тобының генетикалық тұрғыда бөлектеніп, соның салдарынан будандаса алмай, оқшауланып қалуы.
Изохромосомабір-біріне дәл сәйкес келетін, генетикалық тұрғыдан өте ұқсас екі нақты хромосома.
Инбридинг – жақын туыс организмдерді бір-бірімен будандастыру өсімдік шаруашылығында бұл термин инцухт деп аталады.
Инверсия – хромосоманың екі немесе бірнеше жерден үзіліп, оның бір бөлігінің 180 градусқа бұрылып қалпын өзгертуінің нәтижесінде пайда болатын хромосома ішіндік мутация.
Индукция – белок биосинтезін реттейтін механизмдердің бірі, ол клеткаға белгілі заттың енуі арқылы қандай да бір ферменттің түзілу жылдамдығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет