6 сабақ. Ұлт мүддесі жолында. 1 сағат.
Ұлтының тарихын зерттеген Әлихан Бөкейханның (Түрік баласының) еңбектерімен танысып шық:
1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты әйгілі тарихи-анықтамалық очеркі (мұнда Әлихан Бөкейхан өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды).
«Таяу келешекте қырда, бәлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал және қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда – қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мәдениетін жүзеге асыра отырып көреді».
1903 жылы Санкт-Петербургте Әлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады.
Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді.
1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркін жариялады.
Өз туындыларында Әлихан түрлі тарихи жағдаяттардың салдарынан Ресей империясының отарлығына душар болған башқұрт, татар, хақас, қырғыз, Қырым татарлары, ноғай, алтайлықтар сынды басқа түркі халықтарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін де, ол халықтардың қазақпен арадағы рухани, мәдени байланысын, отарлық езгідегі ауыр халін де мейлінше кең қамтыды. Бұлтартпайтын мұрағат құжаттары мен түрлі естелікке қарағанда, 1917-1920 жылдары Әлихан Ресейдің өзге түркі-мұсылман халықтарының көсемдерімен таяу болашақта біріккен түркі-мұсылман елі – Түркістан мемлекетін құру мүмкіндігін талқылайды.
Түрік баласы (Әлиханның қазақша лақап есімінің бірі - С.А.) 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында:
«Бұрынғының көбі, күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді».
Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде:
«Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын».
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында тағы да сол Түрік баласы:
«Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы».
Шығармашылық жұмыс: Әлихан Бөкейханның ел тарихын зерттеген жұмыстарын тауып өз тобыңда талдау жаса.
«Ұлт мүддесі үшін қызмет еткен азамат» тақырыбында эссе жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бос орындарға мына тиісті сөздерді қой:
Мәдениетінен ұлттық өнер-білімін сана-сезімін тілдің ана тіліне теңдік пен ұлттық
Халқын Еуропаның мәдениеті жағары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Өркениетті елдердің _______________ үлгі алу, сөйтіп халықтың ___________ мәдениетін өркендету, ________________ көтеру, ұлттық ___________________ оятуды ____________ ___ ___________ тәуелсіздіктің төте жолы деп біледі. Әлихан Бөкейхан ___________ дамуы халық тағдырымен тығыз байланысты екенін түсініп, өзінің көптеген еңбектерінде _______________ ерекше көңіл аударады.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.
С.Торайғыров
Бағасы: ____ ____ ____
Бағасы: ____ ____ ____
Достарыңызбен бөлісу: |