Калиева Салтанат Абужаровна,
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Тобы: МБ-11
Тақырыбы: «Ана тілім – арым менің»
Мақсаты: Студенттердің өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, әсемделген шарлар мен
жалаушалар, әуен, бейне баян
Әдіс –тәсілі: Ой қозғау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Топ жетекшісінің сөзі: Құрметті оқытушылар, студенттер! Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.
Жадыра: Армысыздар құрметті ұлағатты ұстаздар мен студенттер!
Ана тілім, Жүрегісің анамның
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым
Сағат сайын саулығыңды тілеймін
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Наргиза: Кенің бай, кемелің мол туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сел
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
«Ана тілім - арым менің» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Жадыра: Мәнерлеп оқу. Төребаева Махаббат «Қазақ тілі»
Наргиза: Мәнерлеп оқу. Магзамова Венера «Қазақ тілі»
Жадыра:Еліміздің болашағы жастар тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі.Соңғы 30 жылда 700 ден аса қазақ мектебі жабылды.
Үш тілге ену 2012 жылы қабылданған. Үш тілге көшеміз деп өзіміздің ана тіліміз қалып бара жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатқан адамдар қазақша сөйлеу қажет!
Жадыра: Наргиза, қалай ойлайсын қазіргі бүлдіршіндер қай тілді бірінші меңгергені дұрыс?
Наргиза: Менің ойымша, қазақ тілі – ана тілім, ал орыс тілі ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – қатынас тілі.
Жадыра: Дұрыс айтасын, алайда қазіргі таңда ата – аналар балаларының басқа тілде сөйлегенін қалайды.
Көрініс «Мектепке бару»
Наргиза: Топтың жас ақыны - Қылышбай Ақнұр өз туындысынан өлең оқиды, қабыл алыңыздар.
Жадыра: Жұмашова Жанеркенің орындауында «Туған жер» әні, қабыл алыңыздар!
Наргиза:
Тілім менің,
Тілім үшін мың өліп тірілді елім
Аралыммен,
Аралыммен қатар қойып
Тілді қорғау- парызым бүгін менің
Ендігі кезекті сөз шеберлеріне берейік.
(Мөлдір, Айнұр, Динара, Ләззат, Айғаным, Жаңылхан, Жаңылсын, Гүлдана, Жадыра, Ләззат, Нуржамал, Жарқынай)
Жадыра:
1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» туралы заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. 1997 жылы шілденің 11-і күні жаңа «ҚР тілдер» туралы заң қабылданды.
Наргиза: ҚР тіл туралы Заңына қысқаша тоқталу үшін Магзамова Венераны шақырамыз.
Жадыра: Әуезов, Абайды Өткен дәріс тілі
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі
Қанша заң қабылдаймыз жетер енді
Етілсін мемлекеттік әр істе үні
Наргиза:Туған тіліңді қорғау- Отаныңды қорғаудан да маңызды.отаныңды жау басып алса, ол ерте ме, кеш пе , әйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса-бітті. Басқа тілге көшіп, туған тіліңді ұмытып, қайта оралуға мойны әсер бермейтін жалқаулар, өзіңе ұқсас түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Бұдан асқан қасірет болмақ емес.
Жадыра: Бейнебаянға назар аударайық.
Наргиза: Өз тілімізді құрметтейік, достар!
Жадыра: Көрініс
Наргиза: Мәнерлеп оқу. Сердармергенова Лаззат «Мұхтарға арнау»
Жадыра: Тобымыздың биші қыздарын қарсы алайық. «Қазақ» биі
Наргиза: Ата – анамыздың мереке күніне жолдаған бейнебаянына назар аударайық!
Жадыра:
Құрманғазы, Тәттімбет домбырамен сайраған,
Жүрекке от жақсын деп,
Абай, Жамбыл, сал Біржан,. ...
Жігер беріп күй деген, демекші күй. Төребаева Махаббат «Нарағаш»
Наргиза: Хор. Атамекен
Жадыра:
Мерекелік шарамызды Маңғаз Маңғыстауымыздың салт – дәстүрі мен тілін құрметтеу мақсатында Төребаева Махаббаттың «Маңғаз Маңғыстау» мәнерлеп оқуымен аяқтаймыз.
Наргиза: Қатысушы оқытушылардың жылы лебізін тыңдасақ.
Жадыра:
Танытқан қазағымның қазақтығын
Танытқан қазағымның азаттығын
Танытқан қазағымның ғажаптығын
Айналдым құдіретіңнен қазақ тілім.
Наргиза: Осымен мерекелік шарамыз аяқталды. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |