БАҒдарламасы ақТОҒай. 201 7 жыл мазмұны №



бет2/5
Дата06.07.2018
өлшемі1,88 Mb.
#47945
1   2   3   4   5

АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АҚТОҒАЙ. 2017 жыл
МАЗМҰНЫ




Бөлімінің атауы

беті

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

9

3

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

53

4

ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР

74

5

ПАЙДАЛАНАТЫН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ


76



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ төлқұжаты




Атауы

Ақтоғай ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 шілдесіндегі № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Жарғысы;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы № 931 «Қазақстан Республикасының дамуының Стратегиялық жоспарын, елдің территориялық – кеңістікті дамуы болжамды сызбасын, мемлекеттік бағдарламаларды, территорияларды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын өңдеу, іске асыру, мониторингтен өткізу, бағалау мен бақылау ережелері туралы» Жарғысы.



Аймақтың негізгі сипаттамалары

Ауданның аумағы 5199,7 мың.шаршы км, облыстық орталықтан 250 км. 2016 жылдың 1 қаңтарына Ақтоғай ауданының әкімшілік-аумақтық бөлініске 2 кенттік және 15 селолық округтер, 36 елді-мекен ұсынылды.

Негізгі салалар өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.



Бағыттар

1 бағыт. Экономика

2 бағыт. Әлеуметтік сала

3 бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

4 бағыт. Инфрақұрылым

5 бағыт. Экология және жер ресурстары

6 бағыт. Мемлекеттік қызметтер



Мақсаттары

Мақсат 1.1: Экономикалық өсу орталықтарын дамыту;

Мақсат 1.2: Өндіруші өнеркәсіптің әртараптандырылуы және бәсекеге қабілеттілігі ;

Мақсат 1.3: АӨК бәсекелестігін арттыруға жағдай жасау;

Мақсат 1.4: Ауданда шағын және орта ксіпкерлікті дамыту;

Мақсат 1.5: Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру;

Мақсат 1.6: Ауданда инвестициялық тартымдылықты дамыту.

Мақсат 2.1: Білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту;

Мақсат 2.2: Халықтың денсаулығын жақсарту;

Мақсат 2.3: Жұмыспен қамту және азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі;

Мақсат 2.4: Мәдени кеңістікті қамтамасыз ету;

Мақсат 2.5: Мемлекеттік тіл саясатын дамыту;

Мақсат 2.6: Дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысуға жағдай жасау;

Мақсат 2.7: Туристік саланы дамыту;

Мақсат 2.8: Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық отансүйгіштікті нығайту;

Мақсат 2.9: Жастар саясатын дамыту.

Мақсат 3.1: Көше қылмыстылығына қарсы әрекет жасау, оның деңгейін төмендету және құқықтық тәртібі;

Мақсат 3.2: Төтенше жағдайларда, апатта, табиғат апатында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Мақсат 4.1: Тұрғын-үй құрылысын дамыту;

Мақсат 4.2: Байланыс пен коммуникацияны дамыту;

Мақсат 4.3: Автомобиль жолдарын жақсарту;

Мақсат 4.4: Халыққа көрсетілетін тұрғын-үй және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту.

Мақсат 5.1: Жер қатынастарын дамыту.

Мақсат 6.1: Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту.


Нысаналы индикаторлар

Экономика:

1. Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлем индексі,%

2.Қосымша есептеулерді есепке ала отырып өнеркәсіптік өнім өнлірісінің көлемі, млн. теңге

3. Шағын және орта кәсәпкерлік өндірісінің өнеркәсіптік көлемі, млн. теңге

4. Жалпы өңірлік өнім ішіндегі шағын және орта бизнестің үлесі, %

5. Тау-кен өнеркәсібі өнімін шығарудың және карьер барлаудың нақты көлем индексі, %

6. Тау – кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге

7. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі, %

8. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі, млн. теңге

9. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %

10. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі, %

11. Ауылшаруашылығы өнімдерінің нақты көлемі, млн. тенге

12. Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі, %

13. Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі, %

14.Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі ,%

15. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі, %

16. Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, %

17. Жаңа сауда объектілерінің ашылуы

18. Негізгі капиталға инвестиция көлемі, млн. теңге

19.Негізгі капиталға жалпы инвестиция көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі, %

20. Өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестицияның нақты көлемі индексі, %

21. Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі, млн. теңге

22.Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарындағы инновациялық - белсенді кәсіпорындар үлесі, %

23. Өндірістік инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

24. Ауылдық тірек елді мекендеріндегі халық санын арттыру, адам

25.Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту, %

26. Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту,%

27. Жарияланған конкурстар және әзірленген құжаттамалар бойынша оң қорытынды алған мемлекеттік жеке-меншік әіптестігі жобаларының санын көбейту



Әлеуметтік сала:

1. Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны

2. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі, %

3. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %

- оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен, %

4. Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, %

5. Жаңа модификациялы кабинеттері бар мектептер үлесін арттыру (химия, физика, биология, мультимедиялық кабинеттер)

6. 1 компьютерге оқушы санын азайту

7. Жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагогика қызметшілерінің, педагогтардың жалпы санынан, үлесі, %

8. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер үлесін арттыру, %

9. Мектепке және мектептен жайлы әрі сапалы тасымалдаумен қамтылған оқушылар үлесі, тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан, %

10.Ресурс орталықтары - «тірек мектептер» саны (шағын жинақты мектептер үшін)

11. Көптілді мектептер саны

12. Балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру, %

13. Білім беру ұйымдарының жалпы санынан инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған ұйымдар үлесінің артуы, % 14.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы үлесі ,%

15. Жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге беру және асырап алу, адам

16.Республикалық және облыстық ғылыми жобалар мен интелектуалды олимпиадаларға қатысушылардың улесі, %

17. Дәрігер саны 10 мың адамға шаққанда

18. Орта медқызметкердің саны 10 мың адамға шаққанда

19. Ана өлім-жітімділігін төмендету, 100 мың тірі туғандарға шаққанда

20. Есірткіні мөлшерінен тыс тұтынуына және есірткіге тәуелді болуына байланысты есірткілік есепте тұрғандар санының төмендеуі

21. Диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар санының төмендеуі

22. Диспансерлік есепте тұрған, ремиссиясы 2 және одан астам жыл болған адамдардың есірткіге тәуелді және жалпы диспансерлік есепте тұрғандар арасындағы үлесі, %

23. Нәрестелер өлім-жітімділігін төмендету, 1000 тірі туғандарға шаққанда

24. Онкологиялық аурулардан өлім-жітімділікті төмендету, 100 мың адамға шаққанда

25. 15-49 жас аралығындағы топтарда АҚТҚ инфекциясының тарауын тежеу, 0,2 – 0,6 шоғырланған саты шамасында

26. Жұмыссыздық деңгейі, %

27. Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %

28. Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, %

- әйелдер жұмыссыздық деңгейі, %

- жастар жұмыссыздық деңгейі, %

29. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны

30. Құрылған орындар саны, оның ішінде тұрақты

31. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі, %

32. Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар)ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, %

33. Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің (келу) орташа саны, адам

34. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

35. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

36. Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

37. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

38. Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
7 ден 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту

39. Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) , %

40. Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі, %

41. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясатына 14-29 жастағы халықтың қанағаттандырылу деңгейі, %



Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп:

1.ЖКО қайтыс болғандардың санын төмендету (100 зардап шеккенге), %

2. Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

3.Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

4.Бұрын жасағандармен жасаған қылмыстардың үлес салмағы, %

5.Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

6. Мүліктік қылмыстардың үлес салмағы, %

7.Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жасалған қылмыстық теріс қылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар санының ұлғаюы, бірлік

8.Тіркелген жалпықылмыстық қылмыстар санынан есірткі қылмыстар үлесінің төмендеуі, %

9. Алынған есірткі құралдардың мөлшері, оның ішінде героин, кг

10. Анықталған есірткі өткізумен байланысты немесе есірткі өткізу мақсатында жасалған қылмыстардың есірткі қылмыстардың жалпы санынан үлес, %

11. Инфраструктураның төтенші жағдайларға қарсы әрекет етуге қамтамасыз етілу деңгейі, %



Инфрақұрылым:

1. 100 адамға тіркелген ғаламтор абоненттерінің саны, бірлік

2. Интернет пайдаланушылар үлесі, %

3. Сандық сауаттылық деңгейі, %

4. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, %

5.Тұрғын ғимараттарын пайдалануға енгізу, жалпы алаңның шаршы метрімен (шаршы метр)

6.Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның пасортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі, %

7. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігі, %

8.Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік: - сумен жабдықтау, %

- су бұрумен жабдықтау, %

9. Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, %

Экология және жер ресурстары:

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %

2.Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)

3. Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)



Мемлекеттік қызметтер:

1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің бұзылуы деңгейін төмендету, %



* - 2016-2020 жылдарға арналған бюджетте қарастырылған, қаржыландыру көздері мен көлемдері қаражат шегінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту
Аудан жартылай шөлейт және шөлейт аймақта, Сары-Арқа оңтүстік-шығысында орналасқан. Тізбегінің солтүстік бөлігі аласа таулы алады. Араларында Қызыларай (1565м Ақсоран – Сарыарка тауларының ең биік шыңдарының бірі), Қызылтас (1238м) бар.

Ауданның аумағы 52,0 мың.шаршы км, облыстық орталықтан 250 км.

Негізгі салалар өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.

2014-2016 жылдар аралығынан өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 12,1 есеге өскен:



  • 2014 жылы 2428,8 млн. тенге,

  • 2015 жылы 22826,9 млн. тенге,

  • 2016 жылы 29291,1 млн. теңге,

  • 2017 жылы 9 айда 27975,8 млн. тенгені құрап, нақты көлем индексі 116,6 % болды.

«АК Алтыналмас» АҚ 2017 жылдың 9 айындағы өндірген өнім көлемі 23305,2 млн. теңге, заттай түрде 1848 кг алтын, күміс өндірді,115,4 % және құрамында алтыны бар кендер -1653,0 мың тонна.

Ауыл шаруашылығының негізгі басты бағыты мал шаруашылығы; ет, сүт жүн өнімі.

2014-2016 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,7 есе ұлғайды:

2014 жылы 7843,1 млн. тенгеге,



  • 2015 жылы 12487,2 млн. тенгеге,

  • 2016 жылы 13933,8 млн. тенгеге,

  • 2017 жылдың 9 айында 9329,7 млн тенге, нақты көлем индексі – 100,9 %.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу – 10,1 мың тонна, сүт өндірісі – 32,1 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 2,1 млн. данана.

Тірек елді мекендердің тізбесіне Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округінің Сәуле елді мекені кіргізілді.

Сәуле елді мекені маңайында орналасқан 7 елді мекендерге тірек елді мекен ретінде қамтылған, атап айтқанда Кежек, Қараменде би, Қуаныш, Үшарал, Жалаңаш, Қаратал, Қарақой. Бұл елді мекендерде халық саны 2723 адам (2016ж. – 2248 адам).

Жидебай ауылдық округіне Сәуле, Үшарал, Қарақой, Жалаңаш елді мекеніндері кіреді.

Ауылдық округ жалпы аймағы 130300 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылық мақсатындағы 91162 га., жайылым 7868 га., суармалы 441 га., шабындық 4338 га.., жер қоры 8730 га..

Ауылдық округ халық саны 2017 жылы 1190 адам. Ауылдық округ бойынша 76 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкер, оның ішінде Сәуле елді мекенінде 21 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

2017 жылдың 1 қаңтарында ірі қара мал 4909 бас, қой-ешкі 7208 бас, жылқы 1876 бас болды.

25 орынды дәрігерлік амбулатория құрылысы пайдалануға берілді.



2.1. Экономика

2.1.1. Өнеркәсіп

Өнеркәсіп аудандық экономика саласында Ауыл шаруашылығынан кейін екінші бағыты болып табылады.

2016 жылы:

- Ауданның облыс бойынша жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 1,7% құрайды (32442,4 млн.теңге);

- өнеркәсіп инвестициялардың негізгі болып табылады -49,2 % құрайды (негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемі – 4529,2 млн. теңге, өнеркәсіпте инвестициялар – 2226,7 млн. теңге) негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы;

- өнеркәсіпте еңбек жасындағы жалпы облыстың экономикалық белсенді халықтың 13% (799 адам) жұмыс істейді.


Динамикасы

2014 жылдан бастап аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексінің өсімі мынадай динамикада байқалды:

- 2014 жылы НКИ 116,3 %;

- 2015 жылы – 1940,43 %;

- 2016 жылы – 94,8 %;

- 2017 жылдың 9 айында – 116,6%.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі:

- 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 2423,8 млн. теңге,19,7 % -ға өсті;

- 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 9 есе ұлғайып, 22826,9 млн. теңге;

- 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 32442,4 млн. теңге, 42 %;

- 2017 жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) бастап 27975,8 млн. теңге.

Өнеркәсіп саласын дамытуға негізгі капиталға салынған инвестициялар 2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдары 751,7 млн. теңге тартылды.


Кесте 1.
Өнеркәсіп саласының негізгі сипаттамаларын динамикасы



Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

9 ай

2017 ж.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд. теңге

2423,8

22826,9

32442,4

27975,8

Өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемі индексі, өткен жылмен салыстырғанда

%

116,3

1940,4

142,1

116,6


2014-2017 жылдарға арналған өнеркәсіп тауар өнімдерін өндіру динамикасы



Құрылымы

Саланың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлестік салмағы тау-кен өндіруші – 7,6 % және өңдеуші өнеркәсіп – 91,7 %, электр энергиясын тарату – 0,2% , сумен жабдықтау – 0,5% болып табылады.

Ауданның өнеркәсіп саласының дамуы мынадай кезекті проблемаларға ие: дәстүрлі және ескірген технологияларға үстем болу, негізгі өндірістік қорлардың баяу түрде жаңаруы, инвестиция тапшылығы және несие ресурстары бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер. Аяқталған инновациялық қызметі бар кәсіпорынның инновациялық қызметінің негізгі түрі жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды енгізу болып табылады.
Тау-кен өнеркәсібі.

Тау-кен өнеркәсіп саласында басты кәсіпорынға «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС-гі жатады.

Аудан өңірінде доломит және ізбесті тас қоры иемденген кенорны Сарықұм кеншарында орналасқан. Кенорны Балқаш қаласынан шығысқа қарай 70км қашықтықта Сарықұм станциясына жақын орналасқан. Өндіріс қоры 100 млн. тоннаны құрайды, жоспар бойынша жылына 600 мың тонна өнім өндіретін болса, өндіріс қоры 160 жылға жетеді.

Жоғарыда көрсетілген карьерлерді игеру арқылы тау-кен өнеркәсіп саласының көлемін едәуір көтеріп, жалпы өнеркәсіп динамикасының дамуына оң әсерін тигізді.

Тау-кен өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінің көлемі құрады:

- 2014 жылы 1565,4 млн. теңге немесе 2013 жылға 15,1% -ға;

- 2015 жылы 3217,7 млн. теңге немесе 2014 жылға 2 есе;

- 2016 жылы 2451,6 млн. теңге немесе 2015 жылға 23,8 %;



- 2017 жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) бастап 4040,6 млн. теңге.
Кесте 2 Кесте 1..

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласыныңнегізгі сипаттамаларын динамикасы


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

қаңтар-қыркүйек 2017 ж.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің өнім көлемі

млн. теңге

1 565,4

3217,7

2451,6

4040,6

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің нақты көлемі индексі, өткен жылмен салыстырғанда

%

113,6

2050

135,8

148,5

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі

%

64,6

14,1

7,7

14,4



«Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС-гінің 1998 жылдың 1 маусымында өндірістік қызметінің басталуы аудан бойынша өнеркәсіп көлемінің өсуіне септігін тигізіп, 102 жаңадан жұмыс орындарын ашып, жалпы аудан инфроқұрылымын жақсартуға өз үлесін қосты.

2013 жыл мен 2016 жылдың 9 ай аралығында тау-кен өнеркәсібі «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС-гі өндірісінің өнім көлемі 354,7 млн. теңгеден 413,0 млн. теңгеге өсті. Өнеркәсіпте жұмыс істейтін халықтың саны 98 адам.

Кесте 3.

«Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС-гінің өндіріс қызметінің

басты көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж. 9 ай

Өнім көлемі, млн.теңге

425,2

408,7

502,1

343,4

Доломит мың тонна

543,0

552,3

605,0

444,0

Ізбесті тас мың тонна

137,4

0,0

0,0

0,0

Жылына орта есеппен жұмыскерлердің саны, адам

98

98

98

98

2017 жылдың 9 айында «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС-гі өндірісінің өнім көлемі 343,4 млн. теңге, өсу қарқыны 2016 жылға 68,4% құрады.


Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібінің маңызды бөлімі болып балық өнеркәсібі және металлургия болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібі негізгі капиталға салынған инвестициясы 15,6 % (668,4 млн. теңге) құрады.

Өңдеу өнеркәсібі еңбек жасындағы жалпы ауданның экономикалық белсенді халықтың 7,2 % (717 адам) жұмыс істейді.

Бұл салада «Балқашбалық фирмасы» ЖШС жұмыс атқарады. Кәсіпорын аудан өңіріндегі ең үлкен кәсіпорын саналады, 1932 жылдан бері тоқтаусыз 85 жыл жұмыс жасап келеді.

2014 жылы іске қосылған кәсіпорын:

- өнеркәсіпте «АК Алтыналмас» АҚ жаңа алтын өндіруші фабрикасы индустриаландыру Картасы аясында ашылды. 2017 жылдың 9 айында 1848 кг алтын, күміс және құрамында алтыны бар кендер 1653,0 мың. тонна шығарып, 23305,2 млн. теңгенің өнімін өндірді.


Динамикасы

2014 - 2016 жылдар аралығынан бастап аймақтағы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексінің өсімі 41,1 %:

2014 жылы өндіріс 713,2 млн теңге немесе 28,6%;

2015 жылы өндіріс 19447,8 млн теңге немесе 27,3%;

2016 жылы өндіріс 29291,1 млн теңге немесе 50,6 %;

2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 23721,4 млн. теңгені құрады, НКИ өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 114,4% -ды құрады.;

2016 жылы өндірісінің жалпы көлемінің үлесі 15,2 % -ға өсті.

2017 жылы 623 адамнан жылы 675 адамға дейін жұмыспен қамтылған халықтың саны өсті.




Кесте 4.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

қаңтар-қыркүйек 2017 ж.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі

млн. теңге

713,2

19447,8

29291,1

23721,4

Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің физикалық индексі, өткен жылмен салыстырғанда

%

128,4

1920

92,2

114,4

Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өдірістің үлесі

%

29,4

85,2

90,3

84,8

«АК Алтыналмас» АҚ жаңа алтын өндіруші комбинаты 2017 жылдың 9 айында өндірген өнім көлемі 23305,2 млн.теңге, алтын, күміс 1978 кг. және құрамында алтыны бар кендер 1653,0 мың. тонна. 2015 - 2017 жылдары 468 адамнан 557 адамға дейін жұмыспен қамтылды.


Кесте 5.

«АК Алтыналмас» АҚ -ның өндіріс қызметінің басты көрсеткіштері


Көрсеткіш

2015ж.

2016 ж.


2017 ж.

9 ай


Өнім көлемі, млн.теңге

18850,3

28678,2

23305,2

Алтын, кг

2280

2068

1848

Күміс, кг

140

148

130

Құрамында алтыны бар кендер, тыс. тонн

1769,0

1950,0

1653,0

Жылына орта есеппен жұмыскерлердің саны, адам

468

510

557

2014 жыл мен 2016 жылдың аралығында өңдеу өнеркәсібі «Балқашбалық»фирмасы ЖШС-гі өндірісінің өнім көлемі 300,8 млн. теңгеден 247,5 млн. теңгеге төмендеді. Өнеркәсіпте жұмыс істейтін халық санының төмендеуінің себебі «Балқашбалық фирмасы» ЖШС квота белгіленуіне байланысты 4 жер учаскесі қысқарып, консерві цехы жабылды. 2014 - 2016 жылдары 158 адамнан 165 адамға дейін жұмыспен қамтылды.

2017 жылдың 9 айында 2016 жылмен салыстырғанда «Балқашбалық фирмасы» ЖШС-гі өндірісінің өнім көлемі 164,1 млн. теңгеге немесе 96,2%-ға төмендеді.
Кесте 6.

«Балқашбалық фирмасы» ЖШС-гінің өндіріс қызметінің басты көрсеткіштері




Көрсеткіштер

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж 9 ай

Өнім көлемі, млн.теңге

300,8

269,1

247,5

164,1

Судак, сом филесі, тонна

194,6

165

147

105,7

Кептірілген балық, тонна

82,8

61,6

49,9

35,1

Мұздатылған балық, тонна

742,6

941,4

804,1

197,8

Балық құны, тонна

139,6

106

89,1

186

Жылына орта есеппен жұмыскерлердің саны, адам

158

173

165

165


Ұзақ уақыт аралығында құрал-жабдықтар және көлік құралдары, балық аулауға арналған құралдар жаңаланбаған және моральді, физикалық тұрғыда едәуір тозған. Қазіргі уақытта фирма негізгі қорының тозуы 60 %-ды құрайды.


Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауаны баптау.

Ауданды электро энергиясымен АҚ «НК «КТЖ» Сарышаған электрожабдықтау дистанциясы», ЖШС «Жезқазған энергия-өтім», ЖШС «ЛДТ Электро жүйесі» және ЖШС «Энергия» кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

36 елді мекеннің 31 елді мекенінде 18,2 мың адам тұрақты электр энергиясын пайдаланады.Жалпы электр энергиясын тұтыну аймағы 324,0 км құрайды.Дуанши,Ақшкол, Жалаңтос, Жидебай, Кенели елді мекендеріне электр желісі тартылмаған. Аудандағы 36 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуде, 23 елді мекенде де орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі, жеке көздер (құдықтар, ұңғылар) пайдаланады.

Нақты көлем индексі:



  • 2014 жылы 98,2 %-ды құрайды;

  • 2015 жылы 72,6 %;

  • 2016 жылы 160,0 %;

  • 2017 жылдың 9 айында 141,7 %, жалпы 444,8 %.

2014-2016 жылдавр аралығынла жалпы өнім көлемі 74,8 млн. теңгеден 78,9 млн. тенгеге өсті.

Кесте 7.

Көрсеткіштер

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж 9 ай

Өнім көлемі, млн.теңге

74,8

47,3

78,9

141,7

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі электр энергиясын бөлудің үлес салмағы %

3,0

0,2

0,3

0,5

Жылына орта есеппен жұмыскерлердің саны, адам

258

258

258

258

2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде «Сары-Шаған электрмен жабдықтау қашықтығы» АҚ өндірісінің көлемі 59,5-тен 17,0 млн. теңгеге дейін төмендеді. Кәсіпорындағы қызметкерлер саны 195 адамнан 198 адамға дейін өсті. 2017 жылдың 9 айында «Сары-Шаған электрмен жабдықтау қашықтығы» АҚ өндіріс көлемі 6,9 млн. теңгені немесе 2016 жылғы деңгейге қарағанда 107,8% құрады.
Кесте 8.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы »АҚ
Сарышаған қуатымен қамтамасыз ету қашықтығы филиалының өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіштер

2013

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж 9 ай

Өнім көлемі, млн.теңге

48,8

59,5

8,3

17,0

6,9

Жылына орта есеппен жұмыскерлердің саны, адам

233

195

198

198

198

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы » акционерлік қоғамының филиалы Сарышаған электрмен жабдықтау қашықтығы ауданның алдыңғы қатарлы 3 кәсіпорнының бірі болып табылады және ең үлкен Сарышаған кентінде орналасқан. 2017 жылға жоспарланған өнім көлемі 187,5 млн. теңгені құрайды.

Жергілікті қамтуды арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Ауданының қазақ қамту «мониторингіне жататын қызметтер 2 орта анықталды нің («БГРУ» ЖШС, «Балқашбалық» ЖШС).

2014 жылдың ауданның жүйеқұраушы кәсіпорындары 478,1 млн. теңге, сатып алушыларды жасады тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті мазмұны 2013 жыл өсуімен салыстырғанда 0,1% құрады.

2015 жылдың ауданның жүйеқұраушы кәсіпорындары 480,0 млн. теңге сатып алушыларды жасады тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті мазмұны 2014 жыл өсуімен салыстырғанда 0,1% құрады.

2016 жылдың соңында облыстың магистральдық кәсіпорындары 481,9 млн. Теңгеге сатып алулар жүргізді, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық үлесі 461,2 млн. теңгені немесе 95,7% құрады. 2015 жылмен салыстырғанда 0,1% өсу. 2016 жылы бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 0,2% өсті және 481,9 млн. теңгені құрады.
Кесте 9.

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

қаңтар-қыркүйек 2017 ж.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы сомасы

млн.теңге

478,1

480,0

481,9

458,9

Отандық өндірушілерден сатып алу

млн.теңге

456,6

458,9

461,2

438,7

Қазақстандық қамту

%

95,5

95,6

95,

95,6

2017 жылдың 9 айы ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық қамтуы 438,7 млн. Теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,7% -ды құрады.

Аудан әкімінің 2017 жылға ТПИ жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ауданның жер қойнауын пайдаланушылары: ЖШС «BAR NEO» ЖШС, «АҚ Алтыналмас» АҚ, «Ақтоғай Мыс» ЖШС, «Ұлы Тау К» ЖШС, «Copper KZ-CA» ЖШС («Азурит-ТК» ЖШС), «Балхаш Геологиялық Артик» ЖШС «ULMUS BESSHOKY» ЖШС, «Бирюк алтын» ЖШС, «Таукен-Самұрық» ҰТК »АҚ,« Балқаш Сарышаған »ЖШС.

Жасалған келісімшарт бойынша 2016 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 10 051,4 млн. Теңгені құрады, қазақстандық қамту үлесі - 81,4%.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жасасқан келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы сомасы 7508,2 млн. Теңгені құрады, қазақстандық үлес 65,4% -ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің өсуіне қол жеткізу SWOT-талдауы





Оң ықпал

Теріс ықпал

Ішкі жақтары

Мықты жақтары:

  1. жағымды геоэкономикалық жағдай (экономикалық кеңістік, еңбек ресурстары, транспорттық магистральдер);

  2. өңдеуші өнеркәсіптің жоғары үлесі, тамақ, металлургия - салаларында бәсекеге қабілетті орта және кіші кәсіпорындардың болуы;

  3. инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік әлеует пен біліктілікті даярлық бар

Әлсіз жақтары:

  1. негізгі қорлардың жаңаруының жеткіліксіз қарқыны;

  2. өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекелестіктің төмен деңгейі;

  3. кәсіпорындардың импорттық шикізаттардан тәуелділігі;

  4. талап етілетін біліктілік деңгейіндегі адами ресурстардың қол жетімділігінің төмендігі



Сыртқы жақтары

Мүмкіндіктер

  1. бизнес-жобаларды жүзеге асыру есебінен аймақ өнеркәсібін әртараптандыру;

  2. мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру жолымен саланы тиімді мемлекеттік қолдау;

  3. өңдеуші өнеркәсіп салалардың бірқатарында импортты алмастыруды дамыту;

  4. аймақ аралық байланыстарды реттеу;

  5. кәсіпкерлік қызмет тәуелсіздігін арттыру;

  6. Кедендік одақ нарығына шығу

Қауіптер

  1. экономика мен өнеркәсіптің дамуына аймақтық және жаһандық дағдарыстық құбылыстардың жағымсыз ықпалы

  2. әлемдік шикізат нарықтарындағы өзгеріп отыратын конъюнктура;

  3. Қазақстанның ішкі нарығында Кедендік одақ елдерінің компаниялары тарапынан күшейіп келе жатқан бәсекелестік;

  4. өнімнің бірқатар түрлері бойынша БСҰ енумен байланысты, халықаралық нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі.


Аймақтық өнеркәсіптің өзекті мәселелері

1) Өнеркәсіп өнімінің өзіндік құны мен сапасына қатысты ішкі, басқарылатын тараптардың әлсіздігі:

а. материалды шикізаттың негізгі пайдалы компоненттіріні құрамын басқару;

b. өңдеуші өнеркәсіптегі өндірістің энергия сыйымдылығын басқару;

с. үнемді инновациялық технологияларды басқару.

2) Тар мамандану және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.


Аграрлық-өндірістік кешен.

Ақтоғай ауданының аграрлық-өндірістік кешенінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру артып,халықтың тұрмыстық жағдайы жақсарып,қаржылық көмектің көбейгені байқалады.



Ауданда 8 ауылшаруашылық кәсіпорны, 681 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Негізгі бағыты ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы болғандықтан жалпы өнім көлемін ет, сүт, жұмыртқа т.б. өнімдерден құралады.
2014-2017 жылдардағы ауылшаруашылығындағы жалпы өнім шығарылымының және физикалық индексі көлемінің динамикалық өзгерісі.
Полотно 56Полилиния 57

2017 жылдың 9 айында Ақтоғай ауданының жалпы өндірілген өнім көлемі 9329,7 млн.теңгені құрады,физикалық индекс көлемі 100,9 пайыз болды.

Ақтоғай ауданында негізгі экономиканы аймақтың жалпы қосылған құнның 94% құрайтын ауылшаруашылық өнімдері болып табылады.Оның 32,7% өсімдік шаруашылығы және 61,3% мал шаруашылығында.

Ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің ұлғаюы байқалады. Өсімдік шаруашылығы - 97,8%, мал шаруашылығы - 103,2%.



Мал шаруашылығы ауданның негізгі салаларының бірі. Жайылымдық жерлердің жеткіліктілігі,құнарлылығы және табиғаттың климаттық жағдайының жайлылығы осы саланы дамытуға зор әсерін тигізуде.
Кесте 10.

Мал және құстың саны

(барлық санаттар бойынша),


Өлшем бірлігі

2014ж.

2015ж.

2016ж.


2017ж.

9 ай

Ірі қара

мың бас

40,6

41,8

47,2

47,6

Оның ішінде аналық

мың бас

19,2

22,2

31,7

31,8

Қой-ешкі

мың бас

135,7

122,5

127,1

127,1

Жылқы

мың бас

19,5

21,2

22,5

22,6

Құс

мың бас

17,1

17,0

18,1

18,2

Қорытындысында 1 қаңтар 2018 жылға ірі қара саны 47,6 мың басқа,қой-ешкі 127,1 мың басқа,жылқы 22,6 мың басқа, құс 18,2 мың басқа өскен. Сонымен қатар мал өнімдерін өндіру арттырылды. 2017 жылдың 9 айында 5352,3 тонна ет, 22502,6 тонна сүт,1584,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.




Кесте 11.

Ауыл шаруашылық өнімдері

Өлшем бірлігі

201.

2015ж.

201.

2017 ж.

9 айға

Ет (тірі салмақта)

мың тонна

8,7

7,9

9,9

10,1

Сүт, мың тонна

мың тонна

24,2

24,0

28,9

32,1

Жұмыртқа

млн. дана

1,7

1,7

2,0

2,1

Малдың басым көпшілігі жеке аулаларда шоғырланған. Ауданда бар малдың оның ішінде ірі қараның 28%-ы жеке аулада, 70%-ы шаруа қожалықтарында тиісінше қой-ешкі- 12.4%,82%, жылқы- 23.2%,72%, құс-63%,34%.

Қалыптасқан шаруашылықтар бойынша ауылшаруашылық малдарының орналасу тәртібінің бір жүйеге келмеуінен (әсіресе жеке аулаларда) мал тұқымын асылдандыру,озық технологияларды пайдалану,құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етуге қиындықтар туғызады.Тиісінше осы жағдай мал басын шоғырландырып,жалпы өнім көлемін көбейтуге кері әсерін тигізеді.

Көптеген ұсақ шаруашылықтар кепілге қоятын мүліктерінің жеткіліксіздігінен,алатын несие пайызы жоғары болғандықтан несие алуға қол жеткізе бермейді.Осыдан ауылшаруашылығы техникаларын жанарту ,асыл тұқымды мал сатып алуда қиындықтар туындайды.

Ауданда асыл тұқымды мал өсіретін 8 шаруашылық бар. Ірі қара өсіретін 4 асыл тұқымды шаруашылықтар Қараменде би а/о-дегі «Куандық», «Нұршат» , Шабанбай би а/о-дегі «Карим» шаруа қожалықтары, Ортадересін а/о-дегі «Алтын мирас Агро» ЖШС-і.

«Нұршат» , «Карим» шаруа қожалықтары ауданда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық статусын 2015 жылы, «Алтын мирас Агро» ЖШС-і 2016 жылы алған.

Аудан бойынша асыл тұқымды дегерес биязы жүнді қой малын 4 шаруа қожалығы, асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын 1 шаруа қожалығы өсіріп отыр. Олар Қарабұлақ ауылдық округіндегі «Сәрсенбек » ш/қ, Нүркен ауылдық округіндегі «Бабатай» ш/қ, «Жәмші» ЖШС , Торанғалық ауылдық округіндегі «Науан» ш/қ.

Ауданымызда сапалы экологиялық таза мал өнімдерін алуда жұмыстар ұйымдастырылуда. АТЖ бадарламасына 156 шаруа қожалығы тіркеліп, 294 асыл тұқымды аталық мал сатып алынды. Селекциялық бағдарламаға 209 шаруашылық қатысып 14016 аналық малға субсидияланды.



Өсімдік шаруашылығы

2017 жылы аудан бойынша 2120 гектар жерге дәнді – дақыл себілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 70 гектарға өскен.


Кесте 12.

Себілген дәнді-дақыл көлемі,

Өлшем бірлігі

201.

2015.

201.

2017ж.

Астық дақылдары

мың.га

1,9

1,1

1,2

1,3

Көпжылдық

мың.га

0,400

0,200

0,300

0,720

Картоп

мың.га

0,95

0,102

0,73

0,71

Көкеністер

мың.га

0.90

0.146

0.60

0.49

Кейінгі жылдары өсімдік шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау жүйелі жүргізілгендіктен жаңадан ауылшаруашылық техникаларын алып, озық технологияларды пайдалану қолға алынды. 2017 жылы жоғары сортты дәнді-дақылдар егіліп жаңадан жоғары өнімді сорттар енгізілді. Олар «Қарағанды-22» бидай тұқымы, «Қарағанды -5» арпа тұқымы.

Аудан бойынша дәнді –дақылдан алған жалпы өнім 1,3 мың тонна(0,455 мың тонна бидай,0,855 мың тонна арпа).
Кесте 13.


Дәнді-дақылдардың жалпы өнімі

Өлшем бірлігі

201.

2015ж.

201.

2017ж.

Бидай

мың тонна

1,6

0,6

0,67

1,3

Сұлы

мың тонна













Арпа

мың тонна

0.4

0,5

0,54

0,45

Ауданда жем-шөп базасын нығайтуда жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін көпжылдық шөп көлемін арттыру қолға алынды. Әр жыл сайын дәнді-дақылдар себу алаңын 100 гектарға, көп жылдық шөп алаңын 2000 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.


Ауыл шаруашылығы техникалар саласы.

2012-2013 жылдары ауылшаруашылық техникалары алынбаған. 2014 жылы 99 млн. теңгеге 27 дана ауылшаруашылық техникасы, 2015 жылы 46,1 млн.теңгеге 12 дана, 2016 жылы 77,3 млн теңгеге 18 дана, 2017 жылдың 9 айында 72,2 млн теңгеге 21 дана ауылшаруашылық техникасы алынған.

Ауылшаруашылығы саласының дамуына ауылшаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету үлкен әсерін тигізеді. Осыған байланысты Республикалық және жергілікті бюджеттен тұрақты түрде қаражат бөлінуі қажет.

Аграрлық-өндірістік кешені өнімінің өсуіне қол жеткізу SWOT-талдауы





Оң ықпал

Теріс ықпал

Ішкі жақтары

Мықты жақтары:

1) егіс көлемінің артуы;

2)малдың санын көбейту;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн кәсiпорындардың белсендi пайдалануы;

4) ылғал үнемдеу шараларын қолдану


Әлсіз жақтары:

1)шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістілігінің төмен деңгейі

2)ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін төмендету:

- жануарлардың төмен өнімділігі;

- негізгі дақылдардың төмен түсімі;

- еңбек өнімділігінің төмендігі

3)өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің тұрақсыз өсу қарқыны климаттық жағдайдағы өнімдердің, яғни тәуелділікті бұзатын қазіргі заманғы технологиялардың төмен деңгейін - қазіргі заманғы агротехнологиялық білімдердің таралуының төмен деңгейін көрсетеді;

4) технологиялық жабдықтардың ескіруі;

5) тәуекелдерді сақтандырудың әлсіз жүйесі, қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің тиімділігі төмен;

6) пестицидтердің көлемін ұлғайту.



Сыртқы жақтары

Мүмкіндіктер

1) ауыл шаруашылығына қолдануға жарамды жер ресурстары;

2) жердi тиiмдi және ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралар;

3)мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру арқылы қолдау көрсету;

4) кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі.


Қауіптер

1) ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру үшін еркін (тартымды) жердің жоқтығы;


2) топырақтың сарқылуы;
3) суару, сумен жабдықтау және балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын кейбір ірі су көздерінің ластануы;
4) өткізу нарықтарының болмауы;
5) заманауи құны жоғары; ауылшаруашылық техникасы
6) шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктірудің айқын тетіктері мен нысандарының болмауы.


Агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері

- мал шаруашылығында - орташа және ірі көлемдегі өндірістердің жеткіліксіз дамуы ірі селекциялық-асыл тұқымды жұмыстарға кедергі келтіреді, шаруашылық жануарларын теңгерімді азықтандыру және қолданыстағы жайылымдарды ұтымды пайдалану, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру деңгейі;

- технологиялық жабдықтардың жоғары дәрежесі;

- өсімдік шаруашылығында - фермерлік шаруашылықтардың бөлінуі және жер телімдерінің аз мөлшері ғылыми-дәлелденген егін егуін бақылауға және қазіргі заманғы технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді;


- ауыл шаруашылық техникасының нашарлау дәрежесі 91% -дан астам;

- көп мал шаруашылығы өнімдерін ауыл шаруашылығының жалпы шығыс шоттары (94%) жартысынан, оның ішінде 35% халықтың экономикасын жасауға, негізінен жеке тұтыну барады өнімдерін көпшілік, орналасқан өнімдерін шаруа қожалығының 65%. Бірақ ауылдық жерлерде ірі тауар өндірісті дамыту, қарқынды технологияларды кең пайдалану үшін, қазіргі заманғы әдістерін пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жүзеге асыру үшін, асыл тұқымды жұмысты жүргізуге, ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру және екі отандық және шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы мүмкін етеді. Ірі ауыл шаруашылығы компаниялары ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру;


- ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
- дайын өнімдер нарығы болмауы.
Сауда

Сауда экономикалық қызметтің ең ірі облыстардың бірі болып табылады. Ауданда 2016 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша сауда-саттық қызметін 244 нысан жүзеге асырылады, оның ішінде 215 сауда, 26 тамақтандыру, 1 базар Сарышаған кентінде.

2014 жылы бөлшек сауда қасиеттерін өсу қарқыны 1,7% құрайды.

2014 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 772,6 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылға қарағанда 29,3%, 2015 жылға - 799,4 млн. теңге немесе 2014 жылға қарай 0,3%, 2016 жылға - 940,1 млн. теңге немесе 2015 жылға қарай 17,6% өскен.

Бөлшек тауар айналымының негізгі бөлігін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын және нарықта саудаласатын жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.2017 жылдың 9 айында бөлшек сауда айналымы 785,8 млн. Теңгені құрады. НКИ - 100,9%..

2016 жылы сауда объектілері 245 немесе 2014 жылға қарағанда 1,2 % өсті (242 жоба 2014), оның ішінде

- Базар саны - 1;

- сауда объектілері саны (базардан басқа) - 218 немесе 2014 жылға 1,4% өсті (215);

- Қоғамдық тамақтану объектілерінің саны - 26 немесе 2014 жылға 4% өсті (25).

Жыл басынан бері сауда нысандарының саны 1 бірлікке өсті.

2016 жылы аудан халқын азық-түлік тауарларымен, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында нарықтық бағадан 10 – 15 % төмендетілген бағада аудан басында 36 жәрмеңке өткізіліп, 69,0 млн теңгенің тауары сатылды.

Инфляциялық процестер

Негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны шектеу мәселесі аудандағы мемлекеттік мекемелердің тұрақты бақылауында, олар келесі жұмыстарды атқарады:


         «Бағаларды тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Ауданда 18 жұмыс тобы құрылды: аудан мен барлық ауылдық және кенттік округтерде баға мен тарифтердің өсуі.
Бағалардың күнделікті мониторингі және тұтыну қоржынына қосылған ақылы қызметтердің 33 пункті бойынша салыстырмалы талдау жүргізіледі.

Тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты негізде аудандық штабтың отырысы өткізіледі.

Ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерге нарықта еркін және жеңілдікті сауда орындары, доңғалақпен және сауда жолдарымен сауда жасалады. Өз өнімдерін арнайы мақсаттағы жерлерде сатуға рұқсат етіледі, осылайша делдал саудаға сатылады.
Сауданың өсуіне қол жеткізу SWOT-талдауы





Оң ықпал

Теріс ықпал

Ішкі жақтары

Мықты жақтары:

1)қарқынды кәсiпкерлiк қызмет;

2) бәсекелестікке жоғары қарқындылығы;

3)тауарлық өнімнің жоғары қанығу диапазоны.



Әлсіз жақтары:

1) сауда және қоғамдық тамақтандыру білікті жұмысшылардың болмауы;



Сыртқы жақтары

Мүмкіндіктер

1)бөлшек сауда бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бәсекелестікті арттыру;

2) мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы қаржыландыруға қол жеткізу.


Қауіптер

1)жосықсыз бәсеке, тұтынушылардың құқықтарын бұзу;

2) қазіргі заманғы сауда форматтарын шағын бизнес ауыстыру.



Аймақтық сауданың өзекті мәселелері

- жеткіліксіз біліктілігі, сауда және қоғамдық тамақтандыру айналымы;

- қазына болмауы, қазіргі талаптарға, өндірушілер мен сауда ұйымдары арасындағы әлсіз экономикалық байланыстарды кездеседі.



Құрылыс.
2016 және 2017 жылдың 9 айы ішінде тұрғын үйдің жалпы ауданы - 9203 ш.м. 2017 жылы 9 аймен салыстырғанда. Өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 116,3%

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған объектілер:

- 2014 жылы – 496,6 шаршы метр.

- 2015 жылы –6904 шаршы метр.

- 2016 жылы – 4742 шаршы метр.

- 2017 жылдың 9 айында – 4934 шаршы метр.



Кесте 14.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының іске асырылуы


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

9 ай

ауданы, кв.м

пәтер саны

ауданы, кв.м

пәтер саны

ауданы, кв.м

пәтер саны

Ауданы, кв.м

пәтер саны

Коммуналдық жалға алу

0,5

6

-

-

-

-




-

Жеке меншік

3,660

41

6,904

82

4,742

49

4,934

50

Барлығы

4,160

47

6,904

82

4,742

49

4,934

50


Кесте 15.

Аудан құрылысының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 жыл

9 ай.

Құрылыс жұмыстары көлемінің НКИ

%

113

101,1

101,9

101,0

Іске қосылған тұрғын-үйлердің жалпы ауданы

мың.шаршы метр

4,157

4,074

4742

4934

2014-2016 жылдар кезеңінде. Құрылыс бағасының индексі 95,4% деңгейінде сақталды (2014 жылы - 103,6%, 2015 жылы - 108,6%, 2016 - 109,3%, 2017 жылдың 9 айында - 60,1%).



2016 жылдың 1 қаңтарына тұрғын-үй қоры 4500 тұрғын-үйлер немесе 337500 шаршы метрді құрады, оның ішінде 18 көппәтерлі тұрғын-үй. Оның 12 тұрғын-үйі Шашубай кентінде, 6 тұрғын-үй Сарышаған кентінде орналасқан. 2014 жылы Ержанов көшесіндегі Ақтоғайдағы бір қабатты жеке тұрғын үй және Абай көшесіндегі Сарышаған ауылындағы тұрғын үй жалпы ауданы 496,6 ш.м берілді.Тұрғын үй құрылысында инвестицияларды азайту үрдісі байқалды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің артуы байқалады.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет