Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Мұғалімдікті таңдауыңызға не себеп?



Pdf көрінісі
бет38/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Мұғалімдікті таңдауыңызға не себеп?
Зерттеулерге қарағанда, көпшілігі бұл мамандықты балалармен 
жұмыс істегенді ұнататындықтан, оқытудан ләззат алатындықтан 
немесе өзгелерді оқыту ойына қозғау салатындықтан, сонымен қатар 
балалардың өмірінде оң өзгерістер жасауға мүмкіндігі болатындықтан 
таңдайды екен (Ross and Hutchings, 2003). Әлі күнге дейін осы маман
-
дықты кейбіреулердің «істеуге болатын жұмыс» деп таңдауы аса қуан
-
та қоймайды. 
Оқыту жоғары құрметке лайық кәсіптің бірі болуы мүмкін. 2 000 
жұмыскерді қамтыған шағын сауалнама нәтижелері оқытудың ең жай
-
лы мамандық екенін, оған тән қарым-қатынас, жұмыс ортасы және де
-
малыс уақыты оның тиімді жақтары екенін көрсетеді (Hall, 2013). Бұл 
«мұғалім болудың үш себебі – маусым, шілде және тамыз айлары» де
-
ген ескі өлең жолдарын еске салады. Расында, мұғалімдердің аз ғана 
бөлігі өзінің заңды толық демалысын алатындықтан, әрі жұмыстары 
стреске толы болғандықтан осы мамандық иелері үшін тынығу уақы
-
тының маңызы зор. Морган (2005: 5) қызметтегі мұғалімдер арасын
-
да тәжірибелері бойынша сауалнама жүргізіп, мамандықтың өзіне тән 
бірқатар игі тұстарын атап өтті:
 
„
орындау
жұмыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді;
 
„
толқу
түрлі нәрсенің куәсі болады, ләззат сыи�лаи�ды және жан-жақ
-
ты баи�ланыс орнатуға мүмкіндік береді;


Өзіңді таны
56
 
„
қанағаттану
өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар 
оқушылардың дамуына қолдау көрсетуден ләззат алады; 
 
„
ризашылық
оқушылармен және әріптестермен қарым-қатынас қуа
-
ныш сыи�лаи�ды, әрі ол әсер өміршең болады (2.1-қосымшаны қара
-
ңыз).
Ол банк қызметкерлері, ақпараттық технологиялар, маркетинг 
сияқты сала қызметтеріне қарағанда, мұғалімдердің өз жұмысына қа
-
нағаттану сезімі жоғары екенін анықтады. Мұғалім болу жолындағы 
сапар мұғалім, оқушы және пән мазмұны арасында өзара динамика
-
лық әрекеттестік пайда болғанда ғана шарықтау шегіне жетеді. Мұны
Чиксенмили (1997) «
ағын
», ал Роджерс пен Райдер Рот (2006: 267) 
«ену» яғни, «дәл қазір не болып жатқанын түсіну үшін барынша ден 
қоя назар аудару тәжірибесі» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет