Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет15/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.



Ң дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ң дыбысының орнын ажыратады.

Ң əрпінің баспа түрін жазады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды



Ң дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Сурет бойынша сөйлем құрастырады. Ң əрпін дұрыс айтады.

Таныс əріптерден сөз құрайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Шұңқыр, қаңбақ

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Суреттен Ң дыбысы естілетін сөздерді ата. Қаңбақ қоңызға не айтуды ұмытты?

Қоңызға не көмектесті?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратады. Таныс əріптердің элементтерін жаза алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларға көңілді атмосфера құру үшін көңілді əуен тыңдатады. Əуен желісімен балалар қимылмен əндетеді.


Біз əдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үлкенге де – «сіз», Кішіге де – «сіз», – деп,

Бас иеміз біз!

Музыка.





Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталайды.


(Ұ) Педагог слайдтан табиғат туралы релаксациялық əуен тыңдатады. Балалар əуен тыңдап болған соң көргендерін айтады, пікірлеседі. Табиғат туралы айтады.




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Суреттегі қоңыз бен қаңбақтың əрекеттерін айтады.

Қоңыз, қаңбақ, шұңқыр сөздерін қайталайды.
Балалар Ң дыбыыс естілген сөздерді буынға бөледі. Ң дыбысы естілетін буындарды айтады.
Қо-ңыз, қаң-бақ, шұң-қыр.
Дыбыстық белгілермен жазылған қаңбақ жəне қоңыз

сөздерін тауып көрсетеді.


Педагог «Ң» дыбысын 2-3 қайталайды.


Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі- бір қашықтағы жағдайда сақталады, тілдің ұшы төмен түседі де, арты таңдайдың түбіне барып жабысады жəне ауа мұрын жолы арқылы шығады.

2-тапсырма Тыңда.

Педагог шағын əңгімені оқып береді. Балалар мұқият

Əліппе-дəптер.

Суреттер.





тыңдап педагогтің сұрағына жауап береді.


  1. Қоңыз қаңбаққа не айтуды ұмытты?

  2. Қоңызға не көмектесті?

  3. Табиғат құбылыстарының қайсысында Ң дыбысы естіледі?


Жаңбыр сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
«Жолдасыңды жолда тастама!» нақыл сөзінің мағынасын педагог балаларға түсіндіреді.
Ң – үнді дауыссыз дыбыс.
Ң дыбысынан сөз басталмайды. Балалар сөз басталмайты Ң дыбысы туралы айтады.
(Ұ) Сергіту сəті
Балалар орындарынан тұрып қимылмен өлең айтады.

Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Сағаттың тіліндей Соғады жүрегіміз.

3-тапсырма
Ң əрпімен танысамыз. Қайсысы қайсысының дауысы?

Педагог балғаның, қоңыраудың, мəшиненің суретін əкеліп кітаптағыдай жасап көрсетеді.


Үнтаспадан олардың дауысын шығарып балалардың табуын өтінеді.
Балалар дыбыстарды табады.

Суреттер.

Ң əрпін жасайтын заттар.

Моншақтар. Əліппе-дəптер.






Тапқан дыбыстарын қайталайды.
Балға «Шың-шың!», қоңырау «Дың-дың!», мəшине

«Ң-ң»» дейді


4-тапсырма. Педагог тақтадағы Ң дыбысының бейнесімен таныстырады. Н əрпінің бейнесімен салыстырып көрсетеді.
4-тапсырма
Əдемі моншақтардан шаңғының өзінен жəне таяғынан Ң əрпін жасауды көрсетеді.
Балалар Ң əрпінің бейнесіне қарап өздері жасайды. Ң əрпі кездесетін сөз ойлап айтады.

Ң əрпінің баспа түрін алдымен ауада жазады.

Соңынан жазу жолдарына жазады.





IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер





30 ҰОҚ


ТАҚЫРЫБЫ: Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Күтілетін




нəтиже

  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады.


Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады. Ө дыбысына сөз ойлайды.

Ө дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Ө дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады

Ө əрпін бейнелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шөл дала

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді атайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Түйе жүрген жер қалай аталады? Өгіз ненің үстінен өтті?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, жақсы тілек тілейді:

Аспанымыз ашық, еліміздің болашақ азаматтары аман болайық!

Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді. Мысалы: Айна, сен сұлусың!

Марат, сен сымбаттысың! Ғалия, сенің көйлегің əдемі!
(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.

Балалар түйе туралы өз ойларын айтады.






0–2мин.





II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Суреттер.



3–5 мин




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Балалар берілген суреттерды атайды.


Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де, сəл артқа қарай тартылады.
Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады.

Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі.


Өркеш, шөл, өзен, өгіз.
Педагог балаларға сұрақ қояды.


  1. Түйе жүрген жер қалай аталады?

  2. Өгіз ненің үстінен өтті?

Сөздерді буынға бөледі.


Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады.
2-тапсырма

Əліппе-дəптер.


Суреттер.

Суреттер, сөйлем сызбалары жазылған плакат.






Суреттегі заттарды атайды.
Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз.
Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды. (Ұ) Сергіту сəті.

Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.


3-тапсырма
Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды.

«О» – кəдімгі дөңгелек, Ал «Ө» одан сəл бөлек. Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде.

Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады.
Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген құмға салады.
Балалардың алдына құм салынған төртбұрыш қорапша беріледі.
Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып, Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды.
4-тапсырма
Ө əрпінің пішінін жіптен жəне қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі.

Қағазға салынған доптың суретін таратып береді. Доптың суретін Ө əрпімен салыстырып, жетіспейтін


Құм салынған қорапша.


Суреттер. Əліппе-дəптер.




бөлігін салады.
Ө əрпінің элементін жазу жолына жазады.




IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер.



31 ҰОҚ


6-тарау. Салт-дəстүрлерді білу не үшін керек?

ТАҚЫРЫБЫ: Біз көне заттар музейіндеміз. З дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті

ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.


Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.



З дыбысы – дауыссыз дыбыс, з дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі з дыбысының орнын ажыратады.

З əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап береді.

Берілген суретке қарап заттарды атайды, атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.





З дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы з дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына з əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер орындай алады: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

З дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.

Суретте бейнеленеген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары. Сен қандай музейде болдың? Артық зат қайсысы?

«З» дыбысы судан не көрді? Қай зат үстінде тұр?

Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылды?



Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Суреттегі заттарды атайды. Сұрақтарға жауап береді.

Сөйлем құрамындағы сөздерді анықтап, сызба бойынша жаңа сөйлем құрайды.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

  1. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.


  1. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.


Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Амандасу үлкенмен, Тəрбиенің мəні ғой.

Алдыменен, халайық, Амандасып алайық.


(Ұ) Педагог балалардың зергердің суретін көрсетіп, зергердің атқаратын міндеті туралы əңгімелейді. Балаларға сұрақ қояды.

  • Сендердің үйлеріңде əшекей бұйымдар бар ма?

  • Мұражайға барып көрдіңдер ме?

Балалар сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады.

Зергердің, зергерлік бұйымдардың суреттері немесе слайдтар.


Қолөнер музейінің суреті.

ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27 мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға қару-жарақтар, музыкалық аспаптар мен қазанның суреттерін көрсетеді. Балалар заттардың аттарын атайды: қобыз, семсер, садақ, қазан, найза, домбыра, сыбызғы.
Суреттегі заттарды ататып, сызықпен қосып топтастырып, сұрақтарға жауап беру.
Сен қандай музейде болдың? Артық зат қайсысы? (Қазан).

Суретте берілген заттардың аттарынан З дыбысын табу.


З дыбысының орнын анықта. Балалар кеңістікті бағдарлайды.
З дыбысы нешінші буында екенін айт.
2-тапсырма
Педагог балаларға моншақтар мен түсті қағаздардан З əрпін құрастыруды ұсынады.
3-тапсырма.
Қай зат үстінде тұр? Сол заттың суретін боя.
Берілген тапсырмада сызғыштағы 8 санын тігінен екіге бөлгенде оң жағы З əрпі жəне 3 цифры болады. Жауабы болған жағын бояңдар.


(Ұ) Сергіту сəті.
Ұзын қанат инелік, Инелікке тимелік, Ұшақты біз жасадық, Инеліктен үйреніп.

Əліппе-дəптер.

3 цифры мен З əрпі жазылған плакат, моншақтар.

8 цифры жазылған плакат.






Зу-зу, зу-зу, зу-зу.


4-тапсырма
Педагог балаларға «З» дыбысы туралы əңгіме оқып береді жəне З дыбысының дұрыс айтылуын қайталайды. З дыбысын айтқанда дыбыс кедергіге ұшырайды, тістердің арасынан шығады.
Өзеннен З əрпі өзінің бейнесін көріп, танымай үш саны екен деп таңданып қалады. Төбесінде зауза қоңызы «З-з-з!» деп ұшып жүреді.
«З» дыбысы судан нені көрді?
3 цифры мен «З» əрпін салыстырыңдыршы.




IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет