Тәрбиеленушілер: театрланған қойылымдар арқылы тілін дамытады, сөздік қорын байытады; ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады; кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; байланыстыра сөйлейді.
Көптілділік: ертегі – сказка – tale маса – комар – mosquito Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жебе, біздей, кеміргіш.
Сабақта диалогта қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Сендер қандай театр түрлерін білесіңдер? Бұрын театрға барғандарың бар ма?
Қай театр ұнайды? Несімен ұнайды?
Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу,
интонацияларды ажырату, сыбырлап және қатты айту. Түрлі эмоция мен сезімді білдіру. Ертегінің құрылымдық ерекшелігі. Қуыршақтарды басқарудың кейбір әдістері.