56. Ашық және жабық сұрақтар. Оқушының сыни тұрғыдан ойлауына сұрақтардың әсерін түсіндіріңіз.
Жабық сұрақтар. Әдетте, жабық сұрақ қойылған кезде сұраққа нақты қысқа ғана жауап қайтарылып, нәтижесінде әңгіме жалғаспай қалады. Мысалы:
Сұрақ: Ауылдан қашан келдіңіз?
Жауап: Кеше.
Сұрақ: Сізге фильм ұнады ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Аптасына жұмысқа қанша күн барасыз?
Жауап: 5 күн ғана.
Байқаған шығарсыз, құдды тергеушінің сөздері секілді.
2. Ашық сұрақтар
Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап етеді. Бұл сұрақтар сіздің ерекше қызығушылығыңызды білдіретіндіктен, әңгімелесушіңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Ашық сұрақ қоятын адамдарды шынайы, ақпейіл жандар дейді.
Ең жақсы ашық сұрақтар төмендегі 4 мысалдың көмегімен жүзеге асады:
Қалай...?
Маған ... туралы айтып беріңізші
Сіз ... туралы не ойлайсыз?
Не себепті ...?
Қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселе: оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз. Ол үшін еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастыру керекпіз. Ал оқушылар үшін басты мәселе – сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіңе пайдалысын алу керек. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту – күрделі міндет, көбінесе дамыту мұғалімнің қойған сұрақтарына да байланысты болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |