66. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді сипаттаңыз
67. Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың теориялық негіздерін айтыңыз.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде? Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады. Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі: 1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқанқайшылықтар 3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Ұстанымдар негіздері: 1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады. 2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: 1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 2. анық, айқындылығы;
3. бағаның әділдігі; 4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары:
Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы: