тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).
Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін:оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді; ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау критерийлерін жасайды; тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;
өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктердітүзету үдерісін анықтайды. Бағалау критерийлері ретінде мұғалім белгілі ойлау дағдыларының деңгейлеріне қатысты іс-әрекет етістіктерін қолдана алады Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмаларыбөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақтақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға болады. Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынынескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана өткізуі ұсынылады.