Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерініңдеңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруықажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оныңары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесіндеқойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта, төмен) анықтауға мүмкіндік береді.