Ұйымдастырылған оқу қызметі
|
10.00 -10.30
|
1.Дене шынықтыру.
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты:
Білімділік: тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру,сөздерде дауысты дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру. Балаларға үй құстары жайында мағұлмат беру.
Дамытушылық: Дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар арқылы жаттықтыру.
Тәрбиелік:Үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Математика негіздері
Тақырыбы: «Ұзын-қысқа. Беттестіру және тұтастыру тәсілдері»
Мақсаты:
Білімділік: әртүрлі заттар тобын көлеміне,ұзындығына қарай (ұзын – қысқа)беттестіру және тұтастыру тәсілдері бойынша салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Ұзындығына қарай бір-біріне қарама-қарсы екі заттысалыстыруды үйрету: сөйлегенде «ұзынырақ», «қысқарақ» сөздерін қолданып білдіру;беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану; таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру: (біреу – көп);
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
1.Орыс тілі
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3.Сурет салу
Тақырыбы: «Балапан» (заттық с/с)
Мақсаты:
Білімділік: Сурет салу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Арналы техникалық құралдар мен нұсқау бойынша балапан бейнесін бере білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Жаратылыстану
Тақырыбы:«Шұбар тауық»
Мақсаты:
Білімділік: Үй құстары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың зейін қою, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; тану үдерісін жандандыру.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқорлық жасауға үйрету.
|
1.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Құрастыру
Тақырыбы: : «Балапан»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру. Қағазды умаждау арқылы балапанды жасауға болатынын түсіндіру. Тәрбиелік: Балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
|