Шоғырланған бұлтқа бақылау жасау.
Бақылау: Наурыз айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез болса,бұлттар да сонша көбейе түседі. Шоғырланған бұлтты аспаннан көріп, қайталанбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Қимылды ойын «Кілттер» Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасауға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орындарын ауыстырады.
.
|
Заттардың көлеңкесін бақылау.
Бақыла:Күннің жоғары тұрғанын анықтау, заттардың көлеңкесін,таңертең балалардың өздерінің көлеңкесін күн әлі жоғары шықпағанда және күндіз,ол әлі бастан жоғары тұрғанда бақылауға болады,көлеңкенің ұзындығын өлшеу,көлеңкеде заттар суығырақ, күннің көзінде жылырақ болатынына көңіл аудару.Балаларды күн аспанда қозғалады деген қорытындыға келтіру.Бақыланған затқа қызығушылығын ояту.
Жұмбақ:Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.(Көлеңке)
Қимылды ойын: «Қақпашы»
Жарысу элементтері бар спорттық ойындарға қызығушылығын дамыту.
Еңбек іс-әрекеті.Жиналған табиғи материалдардан панно құрастыру.
Белсенділігін дамыту,жұмыстың үнемді әдістерін үйрету,
Эксперимент. Таңертең және түсте көлеңке биіктігін өлшеу.
Қорытынды.Күн аспанда жыл жығандықтан көлеңке биіктігі өзгереді.
|