Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1273/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1269   1270   1271   1272   1273   1274   1275   1276   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі
– МБЖЖ-ң көрінісі пубертатты кезеңде байқалатын
өзгерістермен ұқсас келеді. Бой өсуінің жылдамдауы және дене салмағының артуы,
жыныстық дамуда құр-дастарынан озып кетуі байқалады.
Шынайы уақытынан бұрын жыныстық дамуда қыз балаларда осы жағдай
қалыптыдағыдай болады: әуелі телерхе басталады, сосын адренархе, одан кейін бой өсудің
жылдамдауы және соңында менархе. Сүт бездерінің ұлғаюы, шат аймағында түктенудің
көрінуі, қынаптан қанды бөлініс, жатырдың, қосалқыларының ұлғаюы препубертатты
немесе пубертатты кезеңге сәйкестігі байқалады. Шынайы МБЖЖ-де етеккір ретті, ал
жалғанда ретсіз сипатта болады.
Ер балаларда сыртқы жыныс мүшелері ұлғаяды. Бірақ атабездер тек шынайы УБЖД-
да үдемелі өседі, жалғанда – олар өзгермеген немесе шамалы ұлғайған болып келеді.
Қасағада, бетте түктену, эрекция, поллюция байқалады. Қантамырлар сүретінің күшеюі,
негізгі сүйек қуыстарының гиперпневматизациясы, қанқаның даралануы жылдамдайды.
Балаларда жыныстың екеуіндеде (ер, қыз) сүйектердегі өсу аймағының ерте жабылуы
соңында аласабойлыққа алып келеді. Неврологиялық симптомдар айқындалуы мүмкін: бас
ауру, тез шаршау, булимия, полидипсия.
Диагностикасы
 
гонадотропиндердің немесе жыныс гормондарының шамадан тыс
өндірілуінің қайнар көзін анықтауға бағытталған. Барлық балаларға, бассүйек
рентгенограммасы, іш қуысы мен кіші жанбастық мүшелерге УДЗ-у, мүмкіндігіне қарай
КТ, МЯРТ жүргізіледі.
Гормонал
 
ь ды диагностикасы
: шынайы МБЖЖ-де ЛГ, ФЫГ және жыныстық
стероидтардың деңгейлері жоғарылайды және организмнің жыныстық жетілу деңгейіне
сәйкес келеді. Жалған МБЖЖ-да ЛГ және ФЫГ деңгейі төмен, ал жыныстық
стероидтардың концентрациясы жоғары. Бауыр ісігінде қанда гонадотропиндердің деңгейі
өте жоғары болады
Ауруды емдеу
екі аспектіден тұрады:
УБЖД тудырған патологияны емдеу
және
уақытынан бұрын жыныстың даму процессін тежеу
.
Шынайы уақытынан бұрын жыныстық дамудың тез өршуінің
алдын-алу
үшін
антигонадотропты белсенділігі бар антиандрогенді дәрілер қолданылады – андрокур 50-
100 мг/тәулігіне үздіксіз 6-8 жылға дейін. Гонадотропиндердің өндірілуінің
ингибиторлары – даназол, ЛГ-синтезінің ингибиторы-бусерелин.
МБЖЖ емдеу әдістерін жасауда келесілерді ескеру керек:
1) Уақытынан бұрын жыныстық дамудың церебралды түрінде, ем церебралды
тіндер функциясына және құрылымына өзгерістер тудырған соңғы немесе резидуалды
процестерге бағытталуы керек. Бұл ем неврапатолог және психоневрологтармен бірге
бақыланып жүргізіледі.
2) Анамнезінде уақытынан бұрын жыныстық дамудың церебралды түрі бар қыз
балаларда бала туу жасында олардың репродуктивті қызметі бұзылмайды. Осыған
байланысты мынандай сұрақты дұрыс шешу қажет: гипоталамо-гипофизарлы-анабез
жүйесінің қызметін уақытша тоқтату қаншалықты қажет және бұл алдағы өмірде
репродуктивті жүйенің бұзылысына әсер етпейдіме?
3) Емделмеген МБЖЖ-ң конституционалды түрі бар қыз балалар өскенде
құрдастарымен салыстырғанда аласа (150-155 см) және дипластикалық дене қалпымен
(дене ұзындығынан аяқ-қолдың салыстырмалы қысқа болуымен) ерекшеленеді.
МБЖЖ процессінің тежелудегі мәселесі – жасына сәйкес өзіндік ерекшелігімен
балаға деген құрдастарының және ересектердің қарым-қатынасына байланысты
жарақаттануы мүмкін. Осындай жағдайда қыз балалармен әңгімелесіп және оларды тіпті
ұжымынан уақытша оқшаулауға тура келеді.
Кез келген жерге орналасқан гормоналды белсенді ісіктердің барлығы оперативті
емді талап етеді. МБЖЖ-ң толық емес түрлеріне ем жүргізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1269   1270   1271   1272   1273   1274   1275   1276   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет