Бұлшық ет күші (тонусы).
Жәй қалыпты жағдайда тексереді.
Еріксіз қозғалыстар.
Жаңа туылған балада 2-3 айға дейін атетоидтық (саусақтардың
бір қалыпты қалтырауы) қимылдар байқалады.
Физиологиялық рефлекстер (бейнелістер).
1
жасқа дейін: Баланың қозғалысы
бейнеліс түрінде болады, ол бейнелістер қимыл қозғалысының негізін қалайды да, кейін
жоқ болыц кетеді. Ол бейнелістер алғашқы 2-4 айдан кейін анықтала-тын болса ауытқу
(патология) болып есептелінеді.
СЕГМЕНТАРЛЫ АВТОМАТИЗМДЕР
Алақан - ауыз бейнелісі (Бабкин бейнелісі).
Үлкен саусақпен жаңа туған баланың
алақанын басқанда, бала ауызын ашып, басын иеді
(9 сурет).
Бұл бейнеліс 2 айдан кейін
әлсіреп, 3 айға таман жоқ болып кетеді.
Қабу бейнелісі.
Ерінге саусақпен жайлап ұрғанда еріндері шошайып, ашылу (хобот)
пайда болады.
Іздеу бейнелісі (Куссмауль бейнелісі).
Еріннің жан-жағын сипағанда ерін бұрышы
төмен түсіп, басын сипаған жаққа бұрып, ернімен емшек іздегендей қимыл жасайды
(10
сурет).
Жасқа дейін сақталады.
|