Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет176/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Галант бейнелісі
қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен,
мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркендіру
қапталына қарай доға тәрізденіп майысады 
(15 сурет). 
4 айлығында жойылады.
Перес бейнелісі 
– етпетінен жатқан баланың сегіз көздігінен бастап мойнына қарай
омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі иіліп, аяқ-қолдары
бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, дауысы шығады
(16 сурет).
Бұл
бейнелісті анықтағанда, сәби ауырсынады, сондықтан оны анықтауды ең соңына қалдыру
керек.
Моро бейнелісі 
– әр түрлі әдістермен анықталады: аяғы мен денесінің төменгі жағын
тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықта ұру, баланы қолға
алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы орнына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап
ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (І-сатысы) жібереді 
(17 сурет). 
Содан соң,
тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (ІІ-сатысы) 
(18 сурет). 
Бұл
бейнеліс 4 айға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет