1.3.2. ЖҮЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
Бір жасқа дейінгі баланың жүйке-іс әрекеттерінің (нерв-психикалық) даму деңгейін
бағалау үшін арнайы бағалау кестелері
(27 кесте)
пайдаланылады. Онда көру (Бк), есту
(Бе) әрекеттері, сезім билеу-эмоция
(Э),
дененің жалпы қозғалысы (Қж), қолдың
қозғалысы мен жұмысы (Ққ), күн тәртібіне байланысты процестер және оны игеру (И)
қабілетінің пайда болатын мерзімдері көрсетілген. 6 айға дейінгі баланың дамуын тексеру
үшін, сөз түсінуінің дамуына байланысты жолдардан басқалардың бәрі колданылады. 6
аймен 1 жас аралығында сезім билеу (эмоция), қол қозғалысы емес, заттарды ұстауға
икемділігі бағаланады.
Жаңа туылған нәрестенің төсектегі қалпы (жатысы) бағаланады. Нәрестенің қалыпты
қалпы төмендегідей: алғашқы айларында аяқ-қолдарын денесіне тартып, бүгіп жатады.
Себебі, бүгілдіргіш бұлшық еттердің тонусы жаңа туылған балаларда шамадан тыс
дамыған.
Жүйке-іс әрекеттерін бағалау үшін төмендегідей зерттеулер жүргізеді.
ҚОЗҒАЛЫС ТҮРІ.
Статика және моторика. Алдымен тек қандай қозғалыстар бар
екендігін бағалайды. Егер 1 жасқа дейінгі бала болса, оны шалқасынан, етпетінен,
қырынан жатқандағы қимылдарын, еңбектеуін, ойыншықтармен ойнауын және т. б.
қимылдарын бақылайды. Барлық, әсіресе қолдағы буындардың, пассивтік және активтік
қимылдарын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |