Жазғыштардың (бұлшық еттердің) қиылыспа бейнелісі – Бір аяғын жәйлап,
тізесінен басып жазып, табанына жәй ғана түйреуіш тығып алса, екінші аяғы өзінен өзі
жазылып, сәл ғана ортаға қарай тартылады (келтіріледі).
Тартып қалу бейнелісі. Табанның терісіне ине шаншып алса – саны, балтыры және
яғының басы бір уақытта бүгіледі.
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері. Лабиринтті тонус бейнелісі: бала
шалқасынан жатқанда мойын, арқа, қол-аяғының бүгу бұлшық еттерінің тонусы артады.
Ассимметриялық мойындық тонус бейнелісі (Магнус-Клейн бейнелісі). Басын
бір жағына бұрғанда (жағын иықтың бойында ұстау керек), беті бұрылған жағындагы аяқ-
қолдары жазылып, қарсы жактағылары бүгіледі. Жаңа туылған балаларда бұл
бейнеліс ұдайы анықтала бермейді. Көбіне қолдарының қатынасы байқалады.
9 сурет. Алақан - ауыз бейнелісі.