Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ландаудың жоғары бейнелісі



Pdf көрінісі
бет180/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ландаудың жоғары бейнелісі.
Етпетімен жатқызған бала, екі қолымен тіреп басын,
кеудесін жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 3-ші айдың аяғында, 4 айдың басында пайда бола
бастайды.
Ландаудың төменгі бейнелісі.
Етпетінен жатқан бала аяғын жазып, жоғары
көтереді. Бұл бейнеліс 5—6 айдан бастап қалыптасады.
Мойындық және тұлғалық жәй қалыптастыру бейнелістері
басын бұрған
жаққа тұлғасы да бұрылады.
Тұлғадан тұлғаға ауысатын тізбекті қалыптастыру бейнелісі
. Баланың иығы
бұрылған жаққа тұлғасы және аяқтары бұрылады. Жанбас бөлігінің бұрылуы тұлғасының
және иығының сол жаққа бұрылуына мәжбүр етеді. Мойындық және тұлғалық тізбектік
қалыптастыру бейнелістері 6—7 айда қалыптасады.
Қозғалыс қабілетін зерттей отырып көру, есту әрекеттерін (реакцияларын), сөз
сөйлеуінің дамуын, түйсігін, күн тәртібіне байланысты әрекеттерді және оларды игеруді
бағалай отырып, жүйке-іс әрекетінің даму деңгейін бағалайды. Бір жасқа дейінгі балалар
дамып, жетуін бағалағанда 15 күн аралығындағы ауытқулар қалыпты болып есептелінеді.
Егер бала тиісті дағдылар уақытынан бұрын (15 күннен артық) игерсе, ерте немесе
жылдам даму деп аталады. Ал, тиісті мерзімінен кеш (15 күннен артық кем болса) игерсе
жәй даму болып есептелінеді.
2–3 жастағы балалардың жүйке-іс әрекеттерінің даму қабілетін келесі көрсеткіштер
(30-31 кестелер)
бойынша анықтайды: Сөзді түсіну (Ст), белсенді сөйлеу (Сб), сенсорлы
даму (Сд), ойыншық және заттармен әрекеті (О), қозғалу (Қ), икемділік қабілеті (И). Бұл
көрсеткіштер жүйеленіп берілген.
2 жастағы балалардың дамуының қалыптылығын бағалағанда, ауытқу деңгейі 3
айдан аспауы керек. Ал, 3 жастағы балаларда ауытқу деңгей жарты жылдан артық
болмауы керек.
3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүйке-іс әрекеттерін бағалауды күн тәртібіне
байланысты қимыл-қозғалыстар кезінде жүргізеді. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде
тәрбиеленетін бала болса, ұстаздардың мінездемесін пайдаланады.
Сонымен қатар, келесі маңызды көрсеткіштерді анықтайды:
1.
Қимылдарының
(моторикасының) дамуы және көру координациясы (жүру кезіндегі тепе-теңдігі,


статикалық тепе-теңдігі, секіру және т. б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет