Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы:
Жуыну кезінде тек қадағалап қалай дұрыс
жуыну керектігін еске салып отыру керек. Түбекке отырған кезде баланы жалғыз
қалдыруға болмайды. Бет орамалды пайдалану қажеттігін айтуды ұмытпаңыз.
Арнаулы сабақтарды ұйымдастыру:
Ойыншықтар мен заттар бөлмеде лайықтап,
орын-орында орналасуы керек. Қуыршақтар бұрышында, қуыршақтың киімдерін, керуеті,
төсегі, легені, «Буфетте» – әр түрлі ыдыстар, «дәрігер» мен «шаштараздың» заттары,
кұрылыс материалдарына арналған бұрышта кілем мен сәкілер болуы керек. Сонымен
қатар, спорт, сюжетті ойыншықтар, транспортқа арналған бұрыш та болуы керек: доптар,
шеңберлер, автомашиналар мен кітаптар (кітаптар бұрышы, сурет салу, іс істейтін
орындарды жабдықтау керек). Бірінші бөлмеде гүлдер өсіріліп, балық, құстар ұстаған жөн.
Сабақтың 2 мезгіл (ертеңгілік, кешкі) 10–15 минуттан өткізілгені дұрыс. Таза ауада
қыдырып жүріп, ойындар өткізіледі, қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылап,
дидактикалық ойындармен кезектестіріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |