Молчанов формуласы: жоғарғы (максимальды) артериялық қысым = 90+2n.
Төменгі (минимальді) қысым = жоғары қысымның 1/2 бөлігі + (5–10). Бұл орташа
көрсеткіштер.
Жоғарғы шектік көрсеткіш систолалық 105+ 2п диастолалық 75+ п Төменгі шектік көрсеткіш систолалық 75+ 2п диастолалық 45+ п п — баланың жылмен есептелген жасы.
Веналық қысым – веналық тамырлардағы қанның көрсететін қысым күші, оның
мөлшері – веналық тонусына, венадағы қанның мөлшеріне және оң қарыншаның
жиырылу қабілетіне байланысты.
Сол қарыншаның 1 минут ішінде айдайтын қанның мөлшері –
минуттық қан мөлшері немесе
жүректің минуттық мөлшері деп аталады. Жүректің минуттық мөлшері
қан айналымындағы қанның мөлшеріне, оның ағу жылдамдығына, жүрек жиырылуының
күші мен жиілігіне байланысты.