Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Тахипноэ (ентігу, демігу)



Pdf көрінісі
бет312/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 
Тахипноэ (ентігу, демігу)
– жүрек-тамыр ауруларының белгісі болып табылады.
Алдымен осындай демігу – жүрекке шамалы күш түскенде, жүргенде, сөйлегенде білінсе,
кейін тыныш жатқанда да білінетін болады.
Жүрегі ауыратын науқастарда, жүректің сол қарыншасының жарамсыздығы пайда
болғанда, тұншығу ұстамасы пайда болуы мүмкін. Бұл 
жүрек астмасы 
деп аталады.
Балалардың жүрек тұсының ауруы эндокардит, миокардит, жүрек неврозы
ауруларынан басқа жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы: плеврит, қабырға аралық
невралгия, миозит, қабырғаның сынуы, периостит және тағы басқалар. Сондықтан,
науқастан сұрау салғанда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек:
1.
Ауру қандай
жағдайда білінеді (денеге күш түскенде, қобалжып, әлсірегенде).
2.
Жүрегінің қай
тұсы ауырады (жоғарғы немесе төменгі жағы, ауру кеуде қуысының қай жерлеріне
тарайды).
3.
Қалай
ауырады: қысып, тесіп, шаншып, салмақтанып.
4.
Үнемі ауыра ма
немесе ұстамалы түрде бола ма? Ненің әсерінен жеңілденеді?
Бұндай нақтылы сұрақтардың науқастың диагнозын толықтап, дұрыс анықтауда
маңызы зор. Мысалы: миокардит, эндокардит жедел дамығанда жүрек тұсының ауруы
сирек кездеседі, салмақтанып, сыздап ауырады. Ал, перикардитте көбіне төс ортасы
немесе бүкіл жүрек аумағы тесіп немесе қатты шаншып ауырады.
Ауырғаны жөтелгенде, қозғалғанда күшейе түседі.
Жүрек соғуы
– науқастың өзінің жүрегінің соғуын сезінуі. Тахикардияда және
брадикардияда байқалуы мүмкін.
210


Егер бала бұрынғы уақыттарда осы жүрек-тамыр ауруы туралы тексеруден өтсе,
науқас тарихының көшірмелерін, анықтамаларын, ата-аналарының қолдарындағы бүкіл
ақпараттық қағаздарын анықтап, талдау керек.
Туысқандарында, әулетіндегі басқа балаларда жүрек-тамыр ауруларының бар-жоғын,
туысқандардың өлу себебін анықтау қажет.
ҚАРАУ. 
Науқасты тексеру кезінде баланың төсектегі жатқан қалпына көңіл аудару
керек. Жүрек-қан тамыр жарамсыздығының қатқыл жағдайларында, бастапқы қалпында
тұншығу ұстамасы пайда болатындықтан, науқастар басының, кеудесінің астына көп
жастық салып тікесінен отырады. Өте ауыр жарамсыздығында науқастар басының астына
жастық салып, аяғын керуеттен түсіріп, салбыратып жіберіп, шалқайып отырады.
Ылғалды перикардиттерде, кейде, науқастар екі бүктеліп немесе ішіне жастықты қысып,
басып отырады.
Ауру балалардың дене дамуын бағалау өте маңызды. Баланың бойы өз жасынан
қалыс болуы әркашанда баланың, көптен, ерте жасынан ауру болғанын көрсетеді. Бала
денесінің жоғары және төменгі жартылығы тепе-теңдіксіз дамыса, әсіресе, баланың
төменгі жағы дұрыс дамымай, ал жоғарғы бөлігі (қолы, иығы) өте жақсы дамыған болса,
аортаның құрылысының (коарктация) өзгеруі туралы ойлау керек.
Тері мен көзге түсетін кілегей қабықтардың түсіне көңіл аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет