дейді. Дегенмен, сұрастырғанда
босану немесе жылдам, сусыз кезеңінің ұзақ болғаны
немесе босанудың басқа ауытқулары белгілі болады. Соған байланысты анасына бірнеше
жорта сұрақтарды қою қажет.
Босану ауытқулары көбіне ми сауытының ішіндегі қысымын өзгертеді. Қысымның
өзгеруі әдетте түрлі вегетативтік өзгерістер пайда болуына байланысты жүрек-тамыр
жүйесін патологиялық өзгерістерге душар етеді: тамыр
қысымының көтерілуі немесе
төмендеуі, пароксизмальды тахикардия және т.б.
Отбасы тарихын анықтағанда, туысқандардың
кенеттен өлу жағдайларын, ата-
аналарының және отбасының басқа мүшелерінде байқалған анемиялық және\немесе
гипертониялық науқастарға назар салу қажет. Отбасында туа болған жүрек ақауларымен
немесе жүрек соғысының ырғақсыздығымен және т.б. ауытқулар байқалған балалар болды
ма? Соны анықтау керек.
Жүрек ауруларына шалдыққан балалардың ең ерекше шағымдары әлсіздік, денеге
күш түскенде, жүргенде,
ойнағанда, баспалдақпен көтерілгенде және тағы басқа
жағдайларда тез зерігу немесе шаршау болып келеді.
Ересектерге қарағанда, балалардан ауруы жайлы сұрақ берудің маңызы аздау, себебі
балалар өздерінің тәнінің (қай жерінің) ауырғанын байқай бермейді, айыра алмайды. Олар
өздерінің жүрек-тамырларының жүрек соғуының дімкестенуіне
көңіл бөле бермейді,
шағымданбайды. Сондықтан да, баланың жүрегінің ауруы жайлы мәліметті олардың ата-
аналарынан сұрап білуі керек. Мысалы: бала өз құрбыларымен ойнап жүргенде, сатыға
көтерілгенде қалып қоймай ма, тез шаршамай ма? Бір жерінің ісігі, көгеруі қашан пайда
болды? Жас сәбилер жылағанда, айқайлағанда, суға шомылдырғанда ауруы күшеймей ме?
Осының бәрін ата-анасынан ғана сұрап білуге болады. Ал, мектеп жасындағы ересек
балалар жүрек-тамыр аурулары мен ентігу, демігу, жүректің қатты соғуы, өкпесінің өшуі,
жалпы жүрек тұсы, қабырғаның астының ауруы немесе шаншуы, ісіктердің пайда болуы,
қан түкіруіне шағым жасай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: