Қарыншаралық перденің мүкістігі төстің сол жақ қырынның бойында дөрекі
систолалық шудың естілуімен сипатталады. Шу 4 қабырғаралықта жақсы естіледі, жүрек
тұсының барлық нүктелеріне тарайды. Әдетте сол қолтық астына тарамайды. Жүректің
перкуссиялық шекаралары оңға да, солға да ұлғаяды. Рентгенограммада жүректің оң және
сол қарыншаның мөлшерінің ұлғайғаны, кіші қан шеңберінің қанмен толысуына
байланысты өкпе көрінісінің (суретінің) күшейгені анықталады. ЭКГ-де жүректің екі
қарыншасында гипотрофиясы байқалады.