Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет344/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

V=30 мл 

30 мл х П, 
бұнда V бір жасқа дейінгі баланың тиісті көлемі, ІІ аймен
есептелген жасы.
Бала дүниеге келген мезгілде қарынның кейбір бөліктері толық дамып жетілмеген.
Оның түбі мен кардиальды бөлігі нашар жетілген. Емшектегі балаларда түбі асқазанның
ұзындығының 1/4 бөлігін, ал ересектерде 1/3 бөлігін құрайды. Өңештің және қарынның
кардиальды бөлігінің кілегей және ет қабаты нашар дамыған. Сонымен қатар, кардиальды
бөліктің ет қабығы, ішкі ет талшықтары нашар жетілген. Ал, қарынның пилорикалық
бөлігі жақсы жетілген. Бұның бәрі бір жасқа дейінгі балада физиологиялық аэрофагияның
пайда болып, шалқасынан жатқан кезінде лоқсуына немесе құсуына әсерін тигізеді.
Кардиальды бөліктің дамуы 8 жасқа таман тоқтайды.
Бауырдың үлкендігіне байланысты, қарынның түбі бала жатқан кезде антральды-
пилорикалық бөлігінен төмен орналасады. Сондықтан, кішкентай балаларды
тамақтандырып болған соң, тікесінен көтеріңкіреп ұстау керек.
Жаңа туған баланың қарнының кілегей қабығы қалың болады. Оның қарын
сағасының тұсындағы қыртысы 8-9 айда пайда бола бастайды. Париетальды (қапсырма)
және басқа жасушалары ұрықтық кезеңде пайда болады. Бірақ, алғашқы айларда қарын
сөлінде тұз қышқылы мүлде болмайды. Ол жасқа байланысты: қарынның РН бала дүниеге
келген кезде бейтарап болса, 1 жылдың аяғында 1,5-2,0 теңеледі.
Антенатальды кезеңнен бастап қарынның басты жасушалар протеолитикалы
ферменттер түзей бастайды, дегенмен, олардың активтігі төмен. Ол тек бала дүниеге
келгеннен соң ғана күшейеді де, 1 жаста 3 есе көбейеді, және ересектерден 2 есе жоғары
болады.
 
Қарын сөлінісінің бұл жағдайын баланың ана сүтіне эволюциялық қалыптасып,
үйренгендігі деп қарау керек. Жаңа туған баланың қарнының төменгі қышқылды-
пептидтік потенциалы анасының уызы мен сүтінде болатын иммуноглобулиндердің
(әсіресе А) және лимфа клеткалары мен лимфофагтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Осы арқылы баланы оның меншікті белсенді иммунитеті жаңа қалыптасып келе жатқан
кезеңде, бактериальды инвазиялардан қорғап қалу мүмкіншілігі туады.
Ішек.
Үлкендермен және ересек балалармен салыстырғанда, бала дүниеге келген
кезде, ішектің ұзындығы, дене ұзындығына қарағанда, артықтау келеді. Себебі, дененің
ұзындығына қарағанда, ішектің анатомиялық ұзаруы бәсең жүреді. Аш ішектің ұзындығы
2 есе қысқа.
 
Аш ішек 3 бөлікке бөлінеді: ұлтабар, ащы және мықын ішек.
Ұлтабардың кілегей қабығының қыртысы асқазанның кілегей қабығының
қыртысынан өзгеше болады. Қыртыстары көлденең орналасады. Жаңа туған баланың
ұлтабарының қыртысы төменірек орналасқан. Буылтық қыртысы аз.
Ұлтабардың жоғары бөлігінде қышқыл қарын химусы (жентегі) тұщыланып,
ферменттердің әрекетіне дайындала бастайды. Осы жерде тамақ ұйқы безінің сөлімен
және өтпен араласады. Ұлтабар іш қуысының артына, ұзын болып келетін шажырқаймен
нашар бекітіледі. Ерте жастағы балалардың ішектері тығыз орналасады, себебі кіші
жамбас әлі дамымағандықтан, іш қуысының көп бөлігін бауыр алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет