Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет347/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

дисбактериоз 
деп аталады. Олар сау балаларда кездеспейді немесе
өте аздаған мөлшерде болады.
Ұйқы безі.
Бала дүниеге келген кезде ұйқы безі толық жетіліп болмайды. Ол бала
дүниеге келген кезден бастап, оның ацинарлы бөлігі өте тез жетіле бастайды. Ұйқы безінің
бала дүниеге келген кездегі салмағы 3 г, 6 айда екі есе үлкейеді, 1 жаста – 4 есе, 10 жаста –
10 есе үлкейеді. Ересек адамдарда 30 есе үлкен болады.
Жаңа туылған балаларда ұйқы безінің басы жақсы дамыған. Баланың өсіп жетілуіне
сәйкес ұйқы безінің мөлшеріде ұлғайяды.
Ұйқы безінің эндокриндік әрекеті, экзокринді әрекетіне қарағанда, бала дүниеге
келген кезде онша дамып жетілмеген. Себебі, пренатальды кезеңде ұрықтың негізгі қайнар
көзі глюкоза болып табылады. Жаңа туылған сәбидің, әсіресе шала туылған баланың,
ұйқы безі бөлетін сөлінің үлес салмағы төмен болады (альфа-амилаза, трипсин, липаза).
Амилаза онда мүлдем болмайды. Баланы емізіп, қоректендіре бастаған кезден соң,
фермент бөлу мүмкіншілігі күшейе бастайды, оның экзогенді әрекетінің ең жоғары
деңгейіне бала 2-3 жасқа толғанда, жетеді. Әсіресе, қосымша тамақ берілген және баланы
емшектен айырған кезден бастап амилазаның бөлінуі күшейе түседі. Липазаның деңгейі
үлкен кісілердің көрсеткіштеріне 12 жастан бастап теңеледі.
Бауыр.
Туылғаннан кейін бауыр өсе береді, бірақ оның өсу жылдамдығы дене
салмағының өсу жылдамдығынан қалыс қалады. 10-11 айда дене салмағы 3 есе артатын
болса, бауырдың салмағы екі есеге, 2-3 жылда – үш есе, 7-8 жаста – 5 есе, 16-17 жаста – 10
есе, 20-30 жаста – 13 есе (бұл жаста дене салмағы 20 есе арытады) арытады.
Жаңа туылған баланың бауырының құрамында, ересек адамдарға қарағанда (65-70%)
су көп болады (8 апталыққа дейін – 75-80%). Өсе келе құрғақ заттардың мөлшері арытады.
Жаңа туылған балаларда өт қабы бауырмен жабылып тұратын болғандықтан, оны
пальлациялау қиынға түседі. Рентгенологиялық көрінісі айқын болмайды. Ол цилиндр
немесе алмұрт түрлі, сиректеу ұршық немесе S тәрізді болады.
230


Жас нәрестелердің бауыр өтіндегі өт қышқылдарының концентрациясы өте жоғары
емес, одан әрі ол бала 10 жасқа толған кезде төмендейді, ал үлкен адамдарда қайтадан
көбейе бастайды. Бұндай жасқа байланысты өт қышқылдарының концентрациясының
өзгеріп отыруы жаңа туған сәбидің өт холестазасының жиі дамуына (өттің қоюлану
синдромы) себеп болады. Үлкен балаларға қарағанда, жаңа туған баланың глицин:таурин
қарым-қатынасы өзгеше. Жас нәрестелердің өтінде дезоксихол қышқылы көбіне болмайды
да, таурохол қышқылы көп мөлшерде кездеседі.
Баланың алғашқы нәжісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет