Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет350/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
СҰРАСТЫРУ. 
Ішек-қарын жолдары науқастарының ең жиі кездесетін белгісі ішектің
ауыруы болып табылады.
Алдымен аурудың сипаттамасын (әлсіз, орташа, қатты), содан соң ұзақтығын (қысқа
мерзімді 15-0 минутқа дейін, 1-2 сағаттай созылатын болса – орташа мерзімді, бірнеше
сағаттан ұдайы болатын болса – ұзақ) анықтау керек.
Аурудың түрін (сырқырау, шаншу, кесіп, ұстамалы тәріздес), қай жерінің ауыраты-
нын (кеуде маңайында, оң және сол қабырғалықта, кіндік маңында) анықтауымыз керек.
Дерек жинау кезінде ауыру белгісінің тамақтануымен байланыстылығын анықтау өте
қажет. Мысалы: аш қарынға ауыру, тамақ ішкеннен кейін бірден немесе 1-2 сағат өткеннен
кейін ауыру, түнде ауыру, болмаса ауру белгісінің тамақ ішуге байланысты еместігін
анықтау керек. Сонымен қатар, ішектің қандай себептерге байланысты ауыратынын
анықтау керек: диетаны бұзу, тамақты шектен тыс көп ішу, шапшаң шайнау. Содан кейін
неге байланысты аурудың әлсіреуі немесе толық жойылып кететінін анықтау керек
(аурудың өзінен-өзі тыйылуы немесе қандай
 
ем көмектесетіндігі).
231


Сонымен қатар, ас қорыту құбылысы бұзылған кезде пайда болатын белгілерге көңіл
бөлу керек: лоқсу, құсу, қалжырау және басқалар. Бұл жағдайлардың тамақтануға немесе
басқа себептерге байланысын анықтаған дұрыс. Бұдан басқа баланың ішінің өтетіндігін,
немесе жиі ішінің қататындығын, немесе кебетінін, қорылдауын анықтау керек. Баланың
тамаққа тәбетін анықтауға көңіл болу керек, сондай-ақ басының ауруы, көңіл-күйінің
нашарлауы сияқты жалпы шағымдарға да көңіл бөлген жөн.
Бауыры немесе ұйқы безі ауыратын науқастарды сұрастырғанда – қай жерінің
ауыратынына (оң сүбе қабырғаның асты), аурудың басқа аймақтарға тарауына (оң иыққа,
жауырынға, сүбе қабырғалардың астына, арқасына, беліне), аурудың сипаттамасына, ас
қорытудың бұзылына (лоқсу, құсу, тамаққа тәбетінің жоқтығы, әсіресе майлы тамаққа)
және эпидемиологиялық тарихына көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет