Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет353/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жүрегі айнуы.
Қарынның тұсында жағымсыз әсер және әлсіздік пайда болып,
сілекей бөлініп, мұздай тер шығып, одан соң құсық пайда болады.
Құсу.
Балаларда, әсіресе, алғашқы 3 айға дейінгі сәбилерде жиі кездеседі. Себебі,
қарынның түбі мен кардиальды бөлігі нашар, ал пилорикалық бөлігі жақсы жетілген.
Руминация.
Баланың лоқсып шыққан құсығын шайнап, кері жұтып қоюы. Өңеш
ауруларында құсу, өңеш тарылғанда және өңеш дивертикуласында байқалады, ішкен
232


тамағы өзгермеген күйде қайта түседі. Өңеш дивертикуласында құсықтың шірік иісі
сезіледі. Жедел гастритте тамақ қабылдағаннан кейін қайталап құсу байқалады.
Созылмалы гастритте ертеңгісін аш қарынға, кілегей тәріздес қышқылт иісті құсық
байқалады, қарында жара пайда болып қатты іш ауырған кезде, құсқаннан кейін баланың
жағдайы жеңілденеді. Ал, керісінше, ұйқы безі қабынғанда, құсқаннан кейін науқастың
жағдайы өзгермейді.
Пилороспазмда аз мөлшерлі тағаммен немесе қарын сөлімен жиі құсу байқалады.
Пилороспазмда «фонтан» тәріздес, яғни лақылдатып, ішкен тамағынан артық мөлшерде
құсады.
Ішектің жоғары бөлігінің түйілуінде, құсыққа асқазанның сөлі және өт араласады.
Түйілу ішек жолдарының орта бөлігінде болса, құсықтың түсі қоңырланып, нәжіс иісі
байқалады. Өт аралас құсық холецистопанкреатитте, мегадуоденумде байқалады.
Емшек жасындағы балаларда ацетондық кұсу болы мүмкін. Құсықты қарағанда оның
мөлшерін, иісін, түсін, құсыққа араласқан қоспаларды анықтау керек.
Ауру.
Емшектегі балалардың ішінің ауырғанын олардың мазасызданғандығынан,
қатты жылағаннан, емшекті алмауынан байқаймыз. Ересек балаларда тамаққа жылдам
қанығуы және асқазанның толып кеткен сезімі болады.
Бауыр ауруларында, өт қабы қабынуында, ұйқы безінің басы қабынғанда, ұлтабар,
тоқ ішектің бауыр тұсы, шажырқай, көк ет зақымдалғанда, іш ауруының негізгі орны
эпигастрий аймағы болып келеді.
Ұйқы безінің қабынуында, тоқ ішектің талақ жақ бөлігі, диафрагма (көкет),
бауырдың сол бөлігі зақымдалғанда сол сүбе қабырғаның асты ауырады.
Асқазан ауруларында іштің орта бөлігі ауырады. Ұйқы безі зақымдалғанда
(панкреатитте) іш «белбеу» тәріздес айналып, ауырады.
Ұлтабар, ащы, ішек, шарбы, лимфа бездері қабынғанда кіндік айналасы ауырады.
Соқыр ішектің қүрт тәріздес өскіндісінің қабынуында, тоқ ішек немесе мықын ішектің
шеткі бөлімі, илеоцекальді бұрышы
(Крон ауруы) 
қабынғанда оң жамбас бөлігінің асты
ауырады. Сол жамбас бөлігі сигма тәріздес ішек қабынғанда ауырады. Іш пердесі
қабынғанда (перитонитте), ішек түйілгенде, геморрагиялық васкулиттегі іш синдромына,
паренхиматоздық мүшелер жарылғанда іш бөліктері түгелдей жан-жағына тарап ауырады.
Бауыр және өт қабығы қабынғанда аурудың басқа аймақтарға тарауы (оң иыққа,
жауырынға) байқалады. Дуоденитте, панкреатитте ауру екі сүбе астына, панкреатитте
арқасына, беліне тарайды.
Ішкен тамақтың сапасы мен көлеміне іш ауруының қаншалықты байланысы барын
анықтау қажет (мысалы: ыссы, мұздай, ащы тағамдарға).
Өңеш бойының ауыруы алғашқы белгілердің бірі, ол жедел эзофагитте көбіне
тамақтану кезінде байқалады, ал асқазанның кардиальдік бөлімінің жарасында, гастритте
тамақ ішіп болғаннан кейін ауыру пайда болады. Тамақ қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан
соң, гастродуоденитте, ұлтабар жарасында, көбіне аш қарынға және түнде «кеш» ауыру
байқалады.
Өтте тас пайда болғанда, созылмалы панкреатитте мезгілсіз, ұстамалы ауыру
байқалады. Созылмалы колитте, сигмоидитте, дивертикулитте үлкен дәретке отыру
актысына байланысты ауыру кездеседі.
Жара тесіліп кеткен кезде тұрақты ауру пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет