Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖЕДЕЛ ТАМЫР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет341/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖЕДЕЛ ТАМЫР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Талма, 
кенеттен ақыл-есінен айрылу. Бұл жағдайда шұғыл ағару, мағналы әлсізденуі
анықталады. Ақыл-есінен айырылуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін (сиректеу
бірнеше сағатқа) созылуы мүмкін. Бұл кезде баланың қарашықтары ұлғаяды, сірі қабық
және қарашық рефлекстері әлсірейді немесе жойылып кетеді. Тамыр қысымы төмендейді,
жүрек дыбыстары тұншығып естіледі.
Талықсу (коллапс)
жедел пайда болған тамыр жарамсыздығы, тамыр тонусының
төмендуімен және қан айналу мөлшерінің азаюымен сипатталады.
Әдетте баланың жалпы жағдайы кенеттен нашарлайды. Ақыл-есі сақталған, бірақта,
бала талғаусыз (байыпсыздық) қалыпта болады, терісі боз түстеніп, мұрын ұшы,
бармақтары, ерні көгереді. Терісі мұздап, тыныс беткі, жиіленген болады. Пульстің
толықтығы азайып, соғысы жиіленіп, зорға анықталады. Тамыр қысымы мағналы
төмендейді (систолалық пен диастолалық бірге). Көк тамырлар басылады, жүрек
дыбыстары алғашқыда қатты естіліп, содан тұншығып естіледі. Оқтын-оқтын аритмия
(экстрасистолия) пайда болуы мүмкін.
Ерте жастағы балаларда талықсу кезінде тырысу және ақыл-есінен айырылуы
байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет