Фалло тетрадасы
цианозбен, ентігу-цианоздық ұстамамен, төстің сол жақ қырының
бойындағы систолалық шумен білінеді. Шудың қарқындылыгы ақаудың ауырлық
дәрежесіне қарама-қарсы болады. Өкпе артериясын тыңдайтын жерде II тон әлсіреп
естіледі. Рентгенограммада өкпе көрінісінің азайған, жүрек мөлшері кішірейіп, «етік»
тәрізденеді, өкпе артериясының доғасы семеді. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы
анықталады.
Магистральды тамырлардың транспозициясы
туылғаннан кейін байқалатын
жалпы цианозбен білінеді. Шу болмауы мүмкін немесе қосарланатын перде
мүкістіктерінің, ия өкпе артериясының тарылуының шуы анықталады. Рентгенограммада
көбіне сол қырында жатқан жұмыртқа тәрізденіп, оң жақ бөліктерінің үлкейгені, тамырлар
будасының тарылғаны байқалады. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |