Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қосақталған митральды ақау



Pdf көрінісі
бет333/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Қосақталған митральды ақау
бір типтес ақаулардың клиникалық және құрал
жабдықтық белгілерінің, әдетте митральды жетіспеушіліктің басымдылығымен
сипатталады. Митральды тарылуының белгілері онша айқын білінбейді. Көбіне жүрек
ұшының тұсыда митральды тарылуға тән шу естіледі.
Аорта қақпағының жетіспеушілігі.
Денесіне салмақ түскенде пайда болатын
ентігуге, жүрек соғысына, кейде жүрек аймағының ауыратындығына, шағым білдіреді.
Терісі бозғылтанады, кейде күрек тамырларының соғуы (пульсациясы) байқалады («каро-
тид» биі). Пульс жедел және биік болады, сиректеу капиллярлы пульс анықталуы мүмкін.
Минимальды қан кысым төмендейді, максимальды қысым қалыпты болып қалады немесе
аздап арытады. Әдетте, минимальды қысымның төмендеу дәрежесі аорта қақпағының
жарамсыздық дәрежесіне тікелей байланысты. Жүрек ұшының серпілуі күшейеді, төмен
және сыртқа қарай ығысады. Жүрек шекаралары солға қарай кеңиді. Жүрек ұшының
тұсында I-ші тонның әлсірегені анықталады. Жүрек негізінің аймағында немесе төстің сол
қырының 3-4 қабырғааралық деңгейінде (негізінен тыңдалуға тән жер) протодиастолалық
шу естітіледі. Шу көбіне төмен (әлсіз), нәзік, құйылған сұйықтық дыбысты болады.
Әдетте, тікесінен тұрған науқасты ілгері еңкейтіп тыңдағанда жақсы естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет