Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖҮРЕК ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИНДРОМДАРЫ



Pdf көрінісі
бет329/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖҮРЕК ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИНДРОМДАРЫ
Миокардит
– жүрек етінің қабынуы. Көбіне миокардиттер ревматизмде және
инфекциялық ауруларда байқалады. Жаңа туылған кезеңде және өмірінің алғашқы
апталарында миокардит қатқыл дамиды. Мектеп жасындағы балалар арасында миокардит
жиірек кездеседі.
Миокардиттің ауыр түрлерінде науқастың мінезі өзгереді. Миокардитпен ауырған,
бір жасқа дейінгі балалар тынысы жиілеп, қатты мазасызданады. Терісі бозғылт тартып,
аяқ-қолы мұздап, терісі көкшіл тартады. Ішінің және белінің терісі ісінеді. Ер балалардың
ұмасы іседі. Өкпеде, қан айналымының жетіспеушілігіне тән, ұсақ көпіршікті үні
әлсіреген сырылдар естіледі. Жүректі зерттегенде салыстырмалы жүрек тұйықтығының
кеңейгені, тондардың, әсіресе, І-ші тонның әлсірегені, жүрек соғуының жиілегені
анықталады. Тахикардияның деңгейі дене қызуына, тіптен ентігу дәрежесіне сәйкес
келмейді. Сондықтан, пульс пен тыныс жиілігінің қатынасы өзгереді. Аускультация
жасағанда жүрек ұшының тұсында немесе Боткин нүктесінде систолалық шу естіледі. Шу
қысқа және көп тарамайтын болып келеді. Фонокардиограммада – ол төмен немесе орташа
жиілікті болады және І-ші тоннан бөлек анықталады. ЭКГ-де өзгерістер байқалады:
222


реполяризацияның өзгеруі (Т тісшесінің вольтажының төмендеуі және SТ аралығының
қысқаруы) тән болып келеді. Кейде синоаурикулярлы, вентрикулярлы, қарынша ішілік
блокада, экстрасистолия жазылып, өткізгіштігінің бұзылуы байқалады.
Ересек балаларда көбіне клиникалық белгілерге зәру, қан айналым шамасыздығының
белгілері байқалмайтын ошақты миокардиттер жиі кездеседі. Науқастардың шағымы
әлсіздік, басы айналу, жүрек тұсының ауруы, жүрек соғуын сезіну сияқты әртүрлі болып
келеді. Аускультацияда тахи- немесе брадикардия, кейде экстрасистолия сияқты және т.б.
аритмиялар, «шоқырақ» ырғағы анықталады. Электрокардиографияда да қалыпты
көрсеткіштерден қарынша кешенінің (SТ және Т) өткізгіштігінің, қозуының сияқты
бұзылыстарға дейінгі белгілер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет